Top
a

6-Сынып. IV тоқсан.Қазақстан хореографиясы пәні № 1сабақ

6-Сынып.    IV  тоқсан.   Қазақстан хореографиясы пәні

№ 1сабақ

Тақырыбы: Абай атындағы Қазақ мемлекеттік Академиялық опера және балет театры  және театр негізін қалаушылар

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік Академиялық опера және балет театры 1934 жылы 13 қантарда Мұхтар Әуезовтың либреттосы «Айман-Шолпан» музыкалық қойылымымен ашылды. Иван Коцыко өңдеген халық өлеңдері мен күйлері орындалды. Қойылым көпшіліктің көңілінен шығып, әсері зор болды. Жаңа театрдың ашылуы бүкіл елге таралды Бірінші қойылымның нәтижесімен рухтанған, шабыттанған әнші-әртістер, кәсіптік білімдері жоқ режиссерлер шығармашылық құмарлықпен театрдың опералық репертуарын құруға кірісті. Е.Г.Брусиловский Қазақстанның ұлттық опералық өнерінің бастауын салған театрдың бірінші сазгері болып табылады. Қазақстанның музыкалық мәдениетінің кемеңгерлері болып табылатын тұлғалар: әртіс Күләш Байсейітова, режиссер Жұмат Шанин, әнші және режиссер Құрманбек Жандарбеков, әнші, режиссер және драматург Қанабек Байсейітов, биші Шара Жиенқұлова, әнші Манарбек Ержанов, суретші Анатолий Ненашев, жазушылар Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов, Бейімбет Майлин, сазгер Евгений Брусиловский.
1944 ж. М.Әуезовтың либреттосы, А.Жұбановтың және Л.Хамидидің «Абай» қазақ операсының жарық көруімен есте қалды. Әрине, бұл театрдың репертуарындағы әлі күнге дейін ең негізгі, үлкен шығармашылық табыс болып табылады. Ұлы қазақ ағартушы, философ, гуманист, ақын Абай Құнанбаевтың 100 жылдығына орай опера және балет театрына Абай атын берілді.

Үй тапсырмасы:
а) Қазақ билері неге байланысты туындаған?
б) ХХ ғасырда қандай билер билене бастаған?

в) «Мимика» дегеніміз не? Осы сұрақтарға жауап іздеп дәптерге жазу