Top
a

5-Сынып. IV-тоқсан. Қазақстан хореографиясы пәні Сабақ № 3

5-Сынып.  IV-тоқсан.  Қазақстан хореографиясы пәні

Сабақ № 3

Тақырыбы: Зәуірбек Молдағалиұлы Райбаев өмірбаяны және шығармашылығы

Зәуірбек Молдағалиұлы Райбаев 1923 жылы ақпан айының 13 жұлдызында Алматыда дүниеге келген балетмейстер, мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР халық әртісі (1982 жыл), Қазақстанның  еңбек сіңірген өнер қайраткері, қазақ балет əртісі жəне педагог, профессор.

Алматы қазақ хореографиялық училищесіндегі Александр Селезневтің класында оқыды,  Ленинград хореографиялық училищесін бітірген (1954), режиссер-балетмейстер. Мұнда А.Писарев, А.Бочарова, А.Пушкина, И.Бельский сияқты ұстаздардың жетекшілігімен жөнге қойылған мектептің сабақтарын тыңдады.     1958 – 62 жылдары А.В. Луначарский атындағы Мемлекеттік театр өнері институтында профессор. Л.Лавровскийдің класында оқып бітірген (Мәскеу, 1962), балет әртісі.

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры (2001 жылдан). 1954 – 58 жылдары – Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының  балет солисі. Бұл жылдары театр репертуарындағы балеттерде басты партияларды  «Аққу көлінде» – Принц, «Ұйқыдағы аруында» – Шурале, «Дон Кихотында» – Базиль,  «Мыс салт аттысында» – Евгений, «Бахшасарай хауызында», «Достық жолыменінде» – Сабыр рөлдерін орындады. Зәуірбек Молдағалиұлының биші-солистік шебер техникасы, би орындаудағы сұлулық тазалығы, классикалық мәнерінің сезімтал музыкалығы таныла түсті. Ол әрбір партияда бір-біріне ұқсас емес өнерін паш етті. Концерттік жолда оның «Алтын бүркіт» биі асқақ бишілік өнер деп бағаланды. Ол рөлде Мәскеуде атқарылған Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде 1958 жылы бұл биді оның теңдессіз шеберлікпен орындаушылығы бағаланып, Кеңес Одағында оған үлкен танымалдық әкелді. 1970 -1986 жылдары — ҚазКСР Мемлекеттік би ансамблі көркемдік жетекшісі, директоры, «Салтанат» ансамблін құрды. Бұл өнер ұжымы Қазақстан жастарының және Республикалық сайыстың жүлдегері атанды.

1992 жылдан — Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрының бас балетмейстері.

2004 жылдан — зейнеткер.

Үй тапсырмасы: өзіндік жұмыс Зәуірбек Молдағалиұлы Райбаев туралы қосымша қызықты дереккөздерін табу.