Top
a

Сурет сыныбы

1-сынып.  Композиция Сабақ № 5 Тақырып: Аңның дене мүшесіне байланысты ою-өрнектер. «Қырықмүйіз» ою-өрнегі тармақтары көп мүйізден құралған ою -өрнектің бір түрі. Ол көбінесе дөңгелек не төртбұрыш ішінде ағаш бүтағы тәрізді тармақталып немесе жайылып бейнеленеді. Бір-бірімен қосылған бірнеше тармақты көп мүйізді ою-өрнек элементтерден қүралады. Ежелгі сақтар (скиф) тармақталған бұғының мүйізін аттың бетбейнесінде (маскі), аң мен құстың мифтік образын жасауда қолданған. Бұл ою-өрнек түскиіз, тон, кежім, сырмақ, текемет, сәулет өнерінде кездеседі. «Сынықмүйіз», «сыңарөкше» ою-өрнектері малдың сынық мүйізіне ұқсайтын, төрт рет ішке қарай иілген элемент. «Сынықмүйіз» ою-өрнегін кілемдерді, шымшилерді, басқұр мен алашаларды, сондай-ақ әртүрлі бұйымдарды безендіру үшін қолданған. Дүниежүзінде «сынықмүйіз» элементі меандр элемент түрінде гректердің және т.б. халықтардың қолөнерінде кездеседі. «Бұғы», «бұғымүйіз» ою-өрнектері сақ (скиф) кезеңдерінен шынайы

1-сынып.  Композиция Сабақ № 4 Тақырып: Аңның дене мүшесіне байланысты ою-өрнектер. «Арқармүйіз» ою-өрнегі арқардың мүйізін тұспалдайды. Бұл элемент «қошқармүйізге» өте ұқсас, бірақ, оған қарағанда шиыршықтанып, тармағы одан көбірек болып келеді. Кілем, түскиіз, сырмақ, кесте, киім-кешек пен үй жиһаздарында кездеседі. Сақтар (скиф) арқар, таутекенің шынайы бейнесін былғары, киізден жасалған тоқымдар мен ат-әбзелдерге пайдаланған. Бұл кескіндемелер II Башадыр және II Тұяқты қорғандарында табылды. «Сыңармүйіз», «қосмүйіз», «қошқармүйіз» ою-өрнектерінің тек бір жақ сыңары ғана бейнеленеді. «Сыңармүйіз» элементі сақтардың (скиф) киіз бұйымдары мен түкті кілемдерінің шетіне жиектеліп салынған. Шебер орналастырған «сыңармүйіз» ою-өрнегі композицияда дараланып тұрмай, жымдасып келеді. Бұл элемент үй-жиһаздары мен тұрмыстық заттарға, сондай-ақ киім-кешек, қару-жарақ т.б. өңіне салынатын ою-өрнектің бәрінде кездеседі. «Қошқармүйіз» ою-өрнегі қойдың

1-сынып.  Композиция Сабақ № 3 Тақырып: Құстарға байланысты ою-өрнектер. Құстарға байланысты өрнектер түрлері: «құсқанат», «қазтабан», «қазмойын», «құсмойын»,  «құс тұмсық», «қарға тұяқ» т.б. "Құсқанаты" - қанатын жайып ұшып келе жатқан құсты бейнелейді. Үй жұмысы: Осы оюды бейнелеу.

1-сынып.  Композиция Сабақ № 2 Тақырып: Қазақ ою-өрнектерінің түрлері. Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді. Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Ал өрнек дегеніміз- әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортақ атауы іспеттес. Сондықтан, көбінесе ою-өрнек деп қосарланып айтыла береді. Ертедегі қазақтар оюларын мазмұны жағынан іріктесек, негізінен

1-сынып.  Композиция Сабақ № 1 Тақырып: Қазақ оюлары Қазақ оюы, қазақтың ою-өрнегі — үй-жиһаздарын, сәндік, тұрмыстық бұйымдар мен киімдерді нақыштап безендіруге қолданылатын өрнектер. Жаппай дамыған кезеңде  (19 ғасырдан кейін) қазақтар үй жиһаздарын әшекейлеуге кең көлемде қолданған ою-өрнектер, негізінен: зооморфтық, өсімдік сипатты, геометриялық, космогониялық деген түрлерге жіктеуге болады. Олардың ішінде жануарлардың сыртқы пішініне, мүйізіне, тырнағына, мойнына, табанына, т.б. мүшесіне ұқсас ою-өрнектер халық арасына) кең тараған. Ою – өрнетер бейнебаян: https://yandex.kz/video/preview/?filmId=15491414200547979275&from=tabbar&parent-reqid=1585336585902855-316511260500462328900288-production-app-host-sas-web-yp-132&text=ою+өрнек+түрлері Үй жұмысы: Ою – өрнектер сал.

Антощенко-Оленев Валентин Иосифович (18.06.1900-11.06.1984) Антощенко-Оленев Валентин Иосифович (18.6.1900 — 11.6.1984) суретші. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1965) 1926 — 28 ж. Мәскеудегі жоғарғы тех. көркемсурет шеберханасында оқыған. 1928 ж. Қазақстанға келіп газет-журналдар (“Советская степь”, “Еңбекші қазақ”, “Жаршы” мен “Әйел теңдігі”) редакцияларында жұмыс істеді. А.-О-ның тарихи тақырыпқа жасалған “Әкелеріміздің жастық шағы” (1958), “Қамығу” (1959), “Бостандық және өлім” (1962) графикалары, “І.Жансүгіров” (1958), “П.Пикассо”, “О.Ренуар” (1962), “Ы.Жақаев” (1965), “А.-Х.Ярмухамедов” (1983) психол. портреттері және замандастар өмірінен алынған романтик. сипаттағы “Жарқырайды жаңа құрылыс оттары” (1960), “Мазар” (1964), “Қонаққа бару” (1964) атты линогравюр. шығармалары бар. Осы

Гипстен адам тұлғасын жасау Интерьерлік қойылым фонында адам фигурасын сала отырып, оның перспективалық заңдылықтарын сақтай отырып бейнелеуге тырысу қажет. Шрихтер аздап жіңішке болып, және бастың детальдарын айнала жатуы тиіс. Тондық шешімді тапқанда детальдармен жұмыс жасау барысында жалпыдан жекеге, жекеден жалпыға принципін сақтаған жөн. БАС САЛУ ЖОЛДАРЫ: Кеудебөлігін салу жолдары: Қол-аяқты жасау жолдары: Адам тұлғасын салу жолдары:

Ампир стилінің дамуы мен шығу тарихы Ампир –  (франц. empіre — империя) — 19 ғ-дың басында Батыс Европада негізінен сәндік қолөнері саласында дамыған мәнер. Ампирдің сәндік қолөнері бұйымдарында кездесетін әшекей белгілері Көне Рим өнеріне еліктеушіліктен туындаған. Осы мәнер, әсіресе жиһаздарда, ыдыс-аяқ пен мата бұйымдарында, сәулет өнері туындыларында бой көрсетті. Залдар мәрмәрмен, қоламен, айналармен, панномен ерекшеленеді. Жиһаздар антикалық үлгіде жасалынып, киімдер үлгілері жеңіл,жылтыр  жіптермен зерленіп,антикалық тәсілмен сәнделген,ал ыдыс-аяқтар гравировкаланады. Ампир стилінің 2 түрі бар: 1) еуропалық; 2) орыс. Еуропалық түрінде колонналардың жоғарғы жағы ою-өрнектермен, төбесі мен қабырғалары жазуларымен әшекейленген. Саздан және алтыннан жасалған бұйымдар қолданылады. Орыс түрінде хрусталь

1 –сынып.   Сурет Сабақ: 8  2- кезең: Шарды салуда перспектива заңдылықтары тұрғысында дұрыс орналастыру Конструкциялық тұрғысында шардың құрылымын дұрыс табуЗаттардың формасын дұрыс салу Үйге таспырма: Перспективада әр-түрлі заттарды салу

1 –сынып.   Сурет Сабақ: 7 Тақырып:  2 -3 затты натюрмортты салу. 1 - кезең: А3 – қағазына натюрмортты композициялық тұрғыда дәлдеуЗаттардың өлшем жағынан бір-біріне сәйкестігін салыстыру Үйге тапсырма:Әр-түрлі формадағы ыдыстарды салу, штрихтар салу