Top
a

Сурет сыныбы

1 – сынып.  Кескіндеме Сабақ № 6 Тақырып: Хроматикалық түс Хроматикалық түстер екі түрге бөлінеді. Олар жылы және суық реңктегі түстер. Жылы реңкті түстерге қызыл,сары, қызыл-сары, сарғыш реңкті барлық түстер ал, суық реңктегі түстерге барлық көкшіл реңктегі түстер жатады. Спектр – жеті түстен тұратын толқынның ұзындығына сәйкес орналасқан шкала. Күн сәулесін линза арқылы шағылыстырсақ, түстердің спектірлік жолақтарын көреміз. Спектрдің негізгі 7 түрлі түсі бар: қызыл, қызылсары, сары, жасыл-сары, жасыл, көк, көгілдір түстер. Негізгі түстердің арасында аралас күлгін түстер бар. Олар 30-шақты шамасында болады. Спектрдің барлық түстерін хроматикалық түстер деп атайды. Барлық спектрдің түстері және күн спектрінде жетіспейтін қан қызыл (ең шеткі қызыл және күлгін түстердің аралығындағы) түстес

1 – сынып.  Кескіндеме Сабақ № 5 Тақырып: Ахроматикалық түс және кеңістік ортасы. Түс – композицияда түстердің үйлесімділігі үлкен роль атқарады. Әр-түрлі түстер адамға эмоциялық әсер береді. Мысалы, күңгірт, қара түстер адамға кері әсер етіп, ашық түстер жақсы әсер беріп, көңіл-күйді көтереді. Түстер екі түрге бөлінеді, олар хроматикалық және ахроматикалық түстер. Ахроматикалық түстерге түссіз ақ, қара, сұр жатады. Ахроматикалық түстер бір-бірінен тек бір белгісі бойынша — ашықтығы (ашық-сұрғылт немесе қара-сұрғылт) бойынша ерекшеленеді. Ахроматикалық түсте салынған натюрморт. Үй жұмысы: Бір түспен салынған натюрморт этюдын сал.

1 – сынып.  Кескіндеме Сабақ № 4 Тақырып: Көктемгі табиғатты бейнелеу. Пейзаж дегеніміз-табиғат көрінісін бейнеленген көркем шығарма. Пейзаж-француз сөзі,бұл қоршаған ортаны, табиғат көрінісін бейнелеу деген сөз. Пейзаж жанры әр алуан. Кейбір пейзаж шығармалары өмірде бар нақты өлкелердің көрінісін бейнелесе, кейбіреулері суретшінің ой-қиялынан туады. Табиғат көрінісін бейнелеуде ерекше көңіл аударып, жыл мезгіліне байланысты әр уақыттың өзінің ерекшеліктеріне көңіл аударылады. Бейнебаян: https://yandex.kz/video/preview/?filmId=6766585435103068514&from=tabbar&reqid=1585388205207700-1659727382403565029700146-vla1-1167-V&text=весна+красками+для+детей Үй жұмысы: “ Шуақты көктем ” атты еркін тақырып бойынша сурет сал   

1 – сынып.  Кескіндеме Сабақ № 3 Тақырып: Жылы реңдері басым қарама-қарсы түстерде натюрморт (гуашь) Тапсырма: 2-3 заттардан құрастырылған натюрморт сал. Тапсырманы орындау тәртібі: 1. Қойылым натюрмортты салу тәртібі бойынша  өзіңнің көз деңгейіңдегі мөлшерде қойылым көрінісін дұрыс қабылдап, эскизін орында. 2. Орындалған эскиз бойынша сызықтық перспективасы заңдылығын сақтай отырып үлкен формат бетіне қойылым көрінісін дұрыс орналастыр. Заттардың форма пропорцияларын өзара сақтай отырып, біртұтас жинақылығын көрсет. 4. Қойылымның түс бояуларының байланыстарын таба отырып, кеңістіктегі заттардың тональдік айырмашылықтарын жоғалтпа. Әр заттың жеке көлемдік формасын жағылым /мазок/ арқылы шығар. Жалпы қойылым түс бояуларының ерекшелігін ескере отырып, жекеленген детальдар түсін байланыстыр. Үй жұмысы: берілген  натюрмортты сал

1 – сынып.  Кескіндеме Сабақ № 2 Тақырып: Қысқа мерзімдік этюд, жарық жанынан түсті көріністі түс бояулары жақындасқан натюрморт (гуашь) Этюд – қысқа мерзімдік этюд орындай отырып,  живопистік шеберлігін ұштай түсетін құрал. Натюрморт - бейнелеу өнерінің бір жанры, ол бізді қоршаған ортадағы жансыз/үй бұйымдары, жеміс жидек, көкөніс/ жансыз нәрселерді бейнелейді. Натюрморт заттардың кеңістіктегі түс байланыстарын, көлемдік формаларын олардың колориттік және материалдық тұлғасын нақтылап көрсетеді. Түстік байланыстар - кеңістіктегі бейнеленетін заттардың реңдік, түстік, тональдық, жарық-көлеңкелік байланыстарын айтуға болады. Бір заттан екінші затқа көлеңке жағынан түсіп тұрған жарық әсері рефлекс деп аталады. Жекеленген нәрселердің, заттардың кеңістік көлемінде нақты өзіндік түстері түсетін жарық күшіне байланысты өзгереді. Сондықтан

1 – сынып.  Кескіндеме Сабақ № 1 Тақырып: Гуашь кескіндемесі Кескіндеме – бенелеу өнеріндегі басты көрініс. Кеңістіктегі зат әлемін бейнелеуде негізгі оның түс бояуы болады. Гуашь - су бояуы, затты бейнелеуде қағаз бетінде жазылу өте жақсы. Гуашь бояуымен картон және фанер бетіне де жазуға болады. Орындалған жұмыста бархат тұрғыда жұмсақ көрініс береді. Гуашь бояулары кепкен кезде көп ағарып кетеді, сондықтан оны түсіну үшін гуашпен көп жұмыс орындап үйрену керек. Бейнебаян: https://yandex.kz/video/preview/?filmId=8001681733511316128&p=1&text=натюрморт+гуашь Үй жұмысы: Екі заттың натюрмортын бейнелеу.

1-сынып.  Композиция Сабақ № 9 Тақырып: Сюжеттік- композиция. Композиция, сөз жоқ, сюжетпен тығыз байланысты: сюжет те, композиция да әдеби шығарманың мазмұнын көркем жинақтап, мазмұнды пішінге көшірудің құралы һәм тәсілі. Оның үстіне, бұлар да мазмұн мен пішін, не тақырып пен идея секілді біріне – бірі көшіп отыратын нәрселер; мәселен, композициялық бүтіндік, тұтастық жоқ жерде сюжет те жоқ. Сюжет  болу үшін оның барлық кезең – кезеңі түп – түгел белгілі бір композициялық жүйеге түсіп, бірлік табуы қажет. Бұл да сюжет пен композицияға тән бірлік. Үй жұмысы: Қазақ ертегісіне сюжеттік - композиция сал.

1-сынып.  Композиция Сабақ № 8 Тақырып: Жер, су, өсімдік бейнелі ою – өрнектер. Өсімдік тектес ою-өрнектер — ою-өрнектің негізгі композияциялық түрі. Шеберлер өз бұйымдарын сәндеуде өсімдіктер мен гүлдердің суреттерін көп қолданған. Мұндай өрнектер іс жүзінде әлемдегі барлық халықтың мәдениетінде кездеседі. Өсімдік тектес оюлар қазақтың қолданбалы шығармашылығында лайықты орын алады. Олар - жапырақтар, жапырақшалар, үш жапырақты өсімдіктер, бүршіктер және гүлдер. Мысалы, «гүл» өрнегі — гүлдердің барлық түрінің символы. Шебер әйелдер киім - кешектерді әшекейлеуде өсімдікті өрнектерді жиі қолданады. Келесі өрнектің бірі — «табақ». Ол күрделі композициядан тұрады, яғни, ортасында гүлдер, жапырақтар, шырмауықтар орналасады да, жиегі «су» өрнегімен әшекейленеді. «Табақ» көбінесе ас үй жиһаздары мен тұскиіздерді, аяққаптар (ыдыс

1-сынып.  Композиция Сабақ № 7 Тақырып: Ай,күн, жұлдыз, көк әлеміне байланысты оюлар. «Күн» ою-өрнегі күнді меңзейді. Күн, Ай, Аспан бейнеленген тұмарлар қасиетті деп саналған, себебі діни ұғымда бұлардың магиялық күші бар деп сенген. «Күн», «күнкөзі», «күнсәулесі», «шыққанкүн» ою-өрнектері кілемнің, түскиіздің дәл ортасына салынады, сол сияқты бұл элемент кесте тоқуда немесе ағаштан, сүйектен ойылған заттарды бедерлеуде және ат-әбзелдерін әшекейлеуде қолданады. Ең ежелгі космогониялық ою-өрнек қола дәуірінен бастап бейнелеу өнерінде түрлі нұсқада кездеседі. Солярлік таңбаларға ежелгі адамдар табынған. Сондықтан өздерін қоршаған заттардың бәріне осы таңбаны пайдаланған. «Күн» ою-өрнегі тамғалы петроглифтерінде, андрондықтардың зергерлік бұйымдарында, сақтардың (скиф) қолөнер бұйымдарында, сондай-ақ орта ғасырда салынған сәулет өнерінде Бабаджа-хатун, Алашахан кесенелерінде кездеседі.  «Ай» ою-өрнегі көшпенділердің

1-сынып.  Композиция Сабақ № 6 Тақырып:Геометриялық фигуралар тектес оюлар. Геометриялық ою-өрнектерді қиық шаршылар, иректер, үшбұрыштар және көпбұрыштар құрайды. Қазақ ою-өрнегінің геометриялық нақышы көшпелі қазақтарға грек математигі Пифагордың заңдары мен нақты сандардың белгілі болғанын көрсетеді. Өйткені, біздің ата-бабаларымыз тек көшіп-қонып қоймай, сонымен қатар ірі қалаларда өмір сүрген. Олардың ортасында қолөнершілер, саудагелер, құрылысшылар көп болған. Өсімдік тектес өрнектермен араласқан геометриялық нақыштарды Бабажы қатын (ΧΙ - ΧΙΙ ғғ.), Айша бибі (ΧΙ - ΧΙΙ ғғ.), Қожа Ахмет Иасауи (ΧΙΙΙ - ΧΙV ғғ.) және т.б. монументті құрылыстардан көруге болады. Геометриялық ою-өрнектердің элементтері төрбұрышты, қиық шаршылы, жұлдызды болып келеді. Олар ағашты көркем өңдеуде, үй іші мен