Top
a

«БАЛАПАН ӘЛЕМІ» байқауы

1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай  Астаналық саябақта қалалық «БАЛАПАН ӘЛЕМІ» атты іс-шара өтті.

№2 өнер мектебінің «Көркемсурет» бөлімінің оқушылары мен ұстаздары іс- шараға белсене қатысып, кесте тігіп, асфальтка сурет салып,«Қуыршақтар әлемі» көрмесін ұйымдастырды.

Мерекелік іс-шараға белсене қатысқан балалар дипломдармен марапатталып, арнайы сыйлықтарға ие болды.

Іс-шараға БАҚ өкілдері де қатысып, Балапан телеарнасының тікелей эфирінде көрсетілді.