Top
a

Жас ДИЗАЙНЕрлер байқауы өтті

Бүгін Астана қалалық Білім басқармасы және №2 Өнер мектебінің ұйымдастыруымен қалалық «Жас дизайнер» байқауы өтті.Байқаудың негізгі мақсаты: сән өнерінің дамуына шығармашылық үлес қоса алатын жас таланттарды табу, қолдау көрсету, ұлттық киімдерді дәріптеп, насихаттау.

Қала мектептерінен барлығы 25 оқушы қатысып, қолдан жасаған жұмыстарын сахнада көрсетіп таныстырды. Әділқазылар алқаларының қорытындысымен жеңімпаздарға жүлделі орындар беріліп, арнайы дипломдармен марапатталды.

Шын жүректен құттықтаймыз!