Top
a

«Дара бала – 2022» қалалық форум-фестивалі өтті

Балалар жылы аясында іс-шараларды жүзеге асыру бойынша Астана қаласының Білім басқармасы «Астана дарыны» және
№1 Балалар музыка мектебімен бірге  «Дара бала – 2022» қалалық
форум-фестивалін ұйымдастырды.

Форумның мақсаты – шығармашыл әрі интеллектуалды дарынды
балаларды қолдау, елордалық жас таланттардың шығармашылық, ғылыми,
әлеуметтік әлеуетін көрсету.

Іс-шарада Астана қаласының Білім басқармасы басшысы Қ. Сенғазыевтың алғыс хатымен мектебіміздің дәстүрлі ән сыныбының оқушысы Елікай Саменбек және эстрадалық-вокал сыныбының оқушысы Ерсұлтан Омар  марапатталды.

Шын жүректен құттықтаймыз!!!