Top
a

Сентябрь 2023

2023 жылдың 29 қыркүйегінде Астанақаласының №2 өнер мектебінің оқушыларымен тәлімді адамдармен кездесіп, тәрбиесін танытар «Сыр-сұхбат» кеші өтті. Кештің қадірлі қонағыЛ.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты, ақын, айтыскер ағамыз Дүйсенғазы Серікзат Мақсұтұлы оқушылармен кездесуде ақындық өнердің қыр-сырларын ұғындырды, оқушылардың  сұрағына жауап берді. Кеш барысында мектебіміздің өнерлі өрендерінің жыр шумақтарын, ақындар айтысын тамашалады.  Кештің мақсаты: поэзияны сүйіп оқитын оқушылар  санын арттыру, қазақ халқының төл өнері айтыстың өміршеңдігін  түсіндіру.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығына сәйкес 4-27 қыркүйек аралығында мектеп мұғалімдері, оқушылар ата-аналарға терроризмге қарсы оқу-жаттығу, түсіндірме жұмыстарын мектебіміздің антитеррорлық қауіпсіздік жұмыстарын жүргізу жұмыстарынажауапты мұғалім Б.Баймурзаев өткізді. Оқу-жаттығу, түсіндірме жұмыстарын жүргізудегі түпкі мақсат – техникалық құралдардың тұрақты жұмыс істеуін бақылаудан бөлек, қауіп төнген жағдайда оқушылар, мұғалімдер мен қызметкерлердің дұрыс әрі қауіпсіздікті сақтап, жедел әрекет етуіне бағдарлау.  Арнайы өткізілген оқу-жаттығу барысында терроризм мен экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдарын, елімізге келтіретін зардаптары туралы мұғалімдермен, ата-аналармен жан-жақты талдап, оқушыларды  қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға шақырды. Еліміз аман-жұртымыз тыныш болсын!

«Төрт тоқсан-төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында «Тіл-ұлттың жаны» атты тәрбие сағаты өтті.  Мақсаты: Оқушыларды өз ана тілін дамытуға,таза сөйлеуге үйрету,өзге тілді құрметтеуге үйрету. Өз ұлтына,еліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Театр бөлімінің оқушылары әдеби -музыкалық композиция көрсетсе, музыка бөлімінің оқушылары ән айтып, би билеп, мақал-мәтел айтудан жарысты.  Өткізген мұғалімдер: Қ.Жәйірбек, Ж.Нахаева, А.Жеңіс

Қыркүйек айының 20 күні №70  мектеп лицейі акт залында қалалық «Театрдың ғажайып әлемі» байқауы өтті. Байқауға 26 мектептен  208    оқушы қатысты. Қазылар алқасының шешімімен   байқаудың орындары төмендегідей бөлінді: Драмалық  театр номинациясы Бас жүлде - №87мл, А.Құнанбаев «Абай әлемі» шығармасы. А.Q балалар театры, жетекшісі:Усманов Расул Халмуратович; 1 орын – А.Байтурсынов атындағы Бином мектебі. «Жизнь сквозь время» қойылымы. «АРтистикА» ұжымы.Жетекшісі: Оспанова Алмагуль Муталлаповна 1 орын - №2 өнер мектебі, «Болашаққа Абай жолымен». «Шабыт» театры.Жетекшісі: Асанова Ұлпан. 1 орын - «Флагман физика техникалық лицейі» , Братья Гримм «Бременские музыканты». «Флагманцы» ұжымы,жетекшілері: Ахметова Гульназ Амирхановна,Кожанова Галия Амантаевна 2 орын - ТОО «Academ school», РНС «Теремок на новый лад», «Арлекино»ұжымы.Жетекшісі: Байгабулова А.Т ; 2 орын - №70мл, И.А.Крылов. Абай

20 қыркүйек күні эстрадалық вокал және дәстүрлі ән сыныптарының ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста бөлім басшысы Р.Кашканова «Оқу мен тәрбие егіз» атты баяндамасын оқыды. Оқушының үйдегі және мектептегі тәрбиесі, ата-ана мен ұстаздың арасындағы қарым-қатынас жайлы айтылды.  Мектептің оқыту бағдарламасымен, ішкі талаптарымен, әдеп нормаларымен таныстырды. Ата-аналар тарапынан да көп жауапкершілік керектігін атап өтті.  «Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени ағартушылық жобасы аясында  Республика күні қарсаңында өтетін «Ақындар айтысы» сайысы жөнінде эстрадалық вокал мұғалімі Әшім Өзгербек ата-аналарға қысқаша мәлімет берді. Мектебіміздің осы шараға жауапты екенін, жалпы мектепте қатысушылармен дайындық жүріп жатқандығы жайлы, мұндай шаралардың қазіргі күнде қаншалықты қажеттігін, қасиетті ана тіліміздің, ұлттық өнеріміздің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ ата-аналарды оқушы ережесі, өмір

24 қазан күні «Төрт тоқсан-төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында «Ақындар айтысы» өткелі отыр. Іріктеуден өткен оқушыларымыз жетекші ұстаздарымен қызу дайындық үстінде. Алдағы апталарда ақындармен кездесу жасалынып, шеберлік сабақтар, сынып сағаттарын өткізу жоспарлануда.

15 қыркүйек күні ZOOM платформасы арқылы жиналыс өтті. Жиналысқа Сарамбетова Гүлфара Бекболатқызы, Астана қаласы білім басқармасының қосымша білім және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы және барлық білім беру ұйымдарының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, қатысты. «Төрт тоқсан-төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында жалпыұлттық идеяны жүзеге асыру жағдайында «Ақындар айтысы» сайысының өту барысы туралы 2 өнер мектебінің директоры Гүлмира Жангелдіқызы сөз алып,ұйымдастыру комитеттерін немесе жұмыс топтарын құру, режиссерлік қойылым жасау топтарын қалыптастыру,мектептерде түрлі іс-шаралар (ақындар мүшәйрасы, тренинтер, шығармашалық жобалар, театрландырыған қойылымдар, quiz, ашық сабақтар) қалай өткізу керектігін туралы толық түсіндіріп өтті.

«Төрт тоқсан-төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында жалпыұлттық идеяны жүзеге асыру жағдайында «Ақындар айтысы» сайысын өткізу жоспарланып отыр. «Ақындар айтысы» сайысы – бұл еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіруге міндеттелген үлкен жоба. Ақындар айтысының мақсаты: қазақ халқының ұлттық құндылығы, шешендік өнер арқылы мәдениеттің баға жетпес мұрасы ретінде айтысты жан-жақты насихаттау, ұлттық рух пен патриотизмге, өз халқына және оның дәстүрлеріне деген құрмет сезімін тәрбиелеу, талантты шығармашылық жастарды анықтау. Осы жоба аясында №2 өнер мектебінің дәстүрлі ән бөлімінің мұғалімдері М.Абдықадыр мен З.Жакешова, А.Қожамуратов, Г.Қазкенова, Н.Мейрхан ақындар айтысын өткізу жұмыстары бойынша

Бүгін №2 өнер мектебінде отбасы күні мерекесіне орай «Отбасы – бақыт мекені» атты тәрбие сағаты өтті.  Мақсаты: Оқушылардың отбасына деген махаббатын арттыру, татулыққа, сыйластыққа, туыстыққа баулу, жанашырлық, мейірімділік сезімдерін ояту.  Сонымен қатар, адамгершілік, парасаттылық және мәдениеттілікке тәрбиелеу.  Іс-шара сайыс түрінде өтіліп, ата-аналар белсенділік танытып,қатысып өнерлерін көрсетті.  Өткізген мұғалімдер: Р.Кашканова, Г.Кабулова, А.Жолдыбекова