Оқушыларымыз Ұлттық балаларды оңалту орталығында мерекелік концерт қойды
30 тамыз – ҚР Конституция күніне орай Астана қаласы әкімдігінің «№2 Өнер мектебі» Ұлттық балаларды оңалту орталығының Әлеуметтік-педагогикалық оңалту басқармасы ұжымымен бірлесіп қайырымдылық кеш ұйымдастырды. Мектепбіміздің өнерпаздары орталықтың ем алушы пациенттеріне қуанышты көңіл күй сыйлады. Орталық басшылығы Астана қаласының «№2 Өнер мектебі» директоры Гүлмира Жангелдіқызына қолдау көрсеткені үшін Алғыс хатпен марапаттады.
Оқушыларымыз «Мектепке жол» акциясының аясында концерт қойды
Мектебіміз «Мектепке жол» акциясының аясында Орталық алаңда концерттік іс-шара ұйымдастырды. Концертті қала тұрғындары мен қонақтары тамашалады. https://youtu.be/GESZB6ciC1o?si=9Ta0c_22dfJEJa1X Акцияның негізгі мақсаты – мектепке балаларды жинау балалардың оқумен қамтылмауын анықтау, балалардың мектепке себепсіз келмеуінің алдын алу, аз қамтылған отбасыларға және балаларға қамқоршыларды бекіту болып табылады. Бұл ретте акцияның негізгі міндеттерінің бірі – барлық балаларды міндетті орта білім алу құқықтарымен қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен тарту.
Мектеп ұжымы «Мектепке жол» акциясы аясында мерекелік концер өткізді
Мектебіміздің өнерлі оқушылары мен ұстаздары 1 қыркүйек «Білім күні» қарсаңында өтіп жатқан «Мектепке жол» акциясы аясында үлкен мерекелік концер өткізді.
Хабарландыру
Астана қаласы әкімдігінің «№ 2 Өнер мектебі» МКҚК уақытша бос орындар лауазымына конкурс жариялайды. Уақытша бос орындар: 1.Фортепиано пәні мұғалімі 2.Домбыра пәні мұғалімі 3.Хор сыныбы мұғалімі 4.Концертмейстер Уақытша бос орындар конкурсына қатысушыүміткерлердің құжатын қарау бойынша комиссия отырысы 28.08.2023 күні сағат 15.00 -де Астана қаласы, Достық 13 көшесі мекен жайында орналасқан № 2 Өнер мектебі ғимаратында өтеді. Конкурс бойынша мәліметтерді оner_mektebi_2@mail.ru электрондық поштасы немесе (87172) 26-62-38 телефон нөмірі арқылы білуге болады. Уақытша бос орындар конкурсына ниет білдіргендер "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес төмендегідей құжаттарын (электрондық немесе қағаз түрінде) комиссияға ұсынуы тиіс: 1) Конкурсқа
«Өнер — өмір өрнегі» халықаралық жобасы аясында кездесу өтті
2023 жылдың 16 тамызында Астана қаласыәкімдігінің №2 өнер мектебіне «Өнер - өмір өрнегі» халықаралық жоба аясында Якутск қаласы, Саха Республикасы (Якутия) Мәдениет және рухани даму министрлігі Геомәдени даму институтының жетекші әдіскері Бережнова Анжелика Николаевна жол сапарымен келді. Негізінен бұл жоба 2023 жылдың 21 сәуіріндетелекөпір ретінде екі мемлекет арасында өткен болатын, сол себепті бүгінгі іс-шара сол жобаның сабақтастығы десек болады. Іс сапардың мақсаты: №2 өнер мектебімен жақынырақ танысу, оқушылардың өнерін тамашалау, Қазақстан-Саха елдерімен, Астана-Якутск қалаларымен, қазақ халқының ұлттық аспаптары және фольклорымен танысу. Үшсағаттың ішінде директор Гүлмира Жангелдіқызының жетекшілігімен №2 өнер мектебі педагогтарының ұжымы ұлттық аспаптың шексіз мүмкіндіктерін көрсете отырып, оқушылар арасында халық шығармашылығы мен фольклорды насихаттау туралы өз тәжірибесімен бөлісті, мектептің тұрмыс тіршілігімен таныстырды. Іс-шара барысында Анжелика Николаевнамузыка өнерінің шексіздігі, Қазақстан - Саха ұлттық аспаптары мен фольклорының ұқсастықтары туралы сөз
2023-2024 жаңа оқу жылына қабылдау басталды
Астана қаласы әкімдігінің №2 Өнер мектебінің 2023-2024 жаңа оқу жылына қабылдау басталды. Қабылдау уақыты: 9.00-18.00 / 13.00-14.00 түскі асқа үзіліс/ Қосымша ақпарат үшін: 87172 26 62 38 / 87172 26 62 41 Іріктеуде баланың шығармашылық қабілеті қарастырылады. Іріктеуден өткеннен кейінгі екінші этап құжаттар қабылдау. https://youtu.be/5yjrrQZl-q0