1-сынып. IV-тоқсан.Ритмика пәні Сабақ № 3
1-сынып. IV-тоқсын, Ритмика пәні
Сабақ № 3
Тақырыбы: Би сабағындағы қол қалыптары
Классикалық биде қол қалыптары: дайындық қалпы, I,II,III болады. Кейін билерде аралас қалыптар кездеседі яғни, бір қол II қалып ұстаса, екінші қол III қалыпқа, болмаса бір қол I қалыпты ұсаған кезде екінші қол II қалып немесе III қалып ұстай алады, бұл қалыптар аралас қалыптар болып саналады.
Дайындық қалпы: қолдар санның тұсынан алдыға орналасады, шынтақтар дөңгелене орналасады, саусақтар бір -біріне қарама қарсы орналасады.
I қалып: қолдар кіндік тұсында, екі қолдың саусақтары бір бірімен кездеседі, иық түсіңкі, арқаны ұстау керек, шынтақтар дөңгелене орналасады.
II қалып: қолдар иық тұсынан екі жаққа ашылып орналасады, шынтақ көтеріңкі, жауырынды барынша түсіру керек. Шынтақтар дөңгелене, арқаны қатты ұстап, саусақтар жинақы болу керек.
III қалып: қолдар жоғарыға төбе тұсында кездеседі, алақандар төменге қарайды, қолдың ортаңғы саусақтары бір бірімен қарама қарсы орналасады
Шынтақтар дөңгелене орналасады.
Қолдың қалыптарын көрсеткен кезде міндетті түрде осы ережелерді сақтау керек.