Top
a

5-сынып. IV тоқсан. Шетел хореографиясы пәні

5-сынып. IV тоқсан. Шетел хореографиясы пәні

№ 3 сабақ

Тақырыбы: 20 ғасырдың басындағы Орыс балет өнері

XX ғасырдың басы орыс өнеріндегі жаңа бағыттардың бастамасы болды. Балетмейстерлер М.Петипа мен Л.И.Иванов орыстың халық билерін классикалық би үлгілерімен ұштастыра отырып, оның «Ұйқыдағы ару», «Аққу көлі» және «Щелкунчик» (1890—1895) балеттерін қойды. 1895 жылдың 15 қаңтарында «Акку көлі» Л.Иванов пен М.Петинамен қойылды. Осы уақыттан бастап тек орыс емес, бүкіл әлем классикалық балеттің дамуындағы жаңа кезең басталады. Симфониялық музыка биге тек сүйемелдеу рөлінен көтеріліп, балеттің негізгі идеясын айқындап, оның мазмұнын түсіндірді, пантомиманы ысырып, спектакльдегі басты рөльді биге берді.Чайковскийдің балет музыкасындағы игі дәстүрін жалғастырып, одан әрі дамыту үшін көптеген композиторлар (Аренский, Глазунов, Стравинский, Прокофьев, тағы басқа) ересен еңбек етті. XX ғасырдың басында балетмейстерлер М.М.Фокинмен А.А.Горский балет өнері саласында батыл ізденістер жасады. Орыс бишілері: А.П.Павлова, В.Ф.Нижинский, Т.П.Карсавина, Е.В.Гельцер, М.М.Мордкин, В.Д.Тихомировтар балет өнерінің өркендеуіне үлкен үлес қосты. XX ғасырдағы орыстың балет өнері Англия, Францияда балеттің қайта өркендеуіне, ал АҚШ-та балеттің тууына игі әсер етті. Жаңа режиссерлік жүйеде балетмейстердің, режиссердің, артистің, композитордың, суретшінің өнері тоғысты. Бірінші болып ескіні жаңаландырған және жаңа реалистік балетті құрған Горский болды.

Үй тапсырмасы: сабақты қайталап оқу.