Top
a

5-сынып. IV тоқсан. шетел хореографиясы пәні. № 2 сабақ

5-сынып.   IV тоқсан.  Шетел хореографиясы пәні.

№ 2 сабақ

Тақырыбы: 19 ғасырдағы орыс балеті

XIX ғасыр Е.И.Колосова, М.И.Данилова, А.И.Истомина, А.П.Глушковский сынды бишілер тобы өз өнерлерімен көріне бастады. Солардың ішінде бірінші орыс балеринасы, XIX ғасырдың басындағы танымал биші А.И.Истомина болып саналады.

Авдотья Ильинична Истомина (1799—1848) Петербург балет мектебінде Дидлодан дәріс алды. Оқушы кезінен ол императорлық театр сахнасында өнер көрсетті, ал мектепті бітірісімен труппада жетекші орынға ие болды. Истомина орыс классикалық балетінің жарқын өкілі болды. Дидло балеттерінде орталық партияларды орындады. Петербург сахнасында бірінші болып Пушкин бейнелерін — «Кавказ тұтқынындағы» Черкеш қызын және «Руслан мен Людмиладағы» Людмиланы сомдады. 1830 жылдар шамасында Истомина аяқ ауруына байланысты мимикалық актриса амплуасына ауысады, ал 1836 жылы мүлдем сахнадан кетеді. А.С.Пушкин Истоминаның өнерін «Евгений Онегиннің» бірінші тарауында жырлап кетті.1837жылы Петербург пен Мәскеуде бір күнде атақты романтикалық «Сильфида» балетінің премьерасы өтті. Петербургте басты рөлді Еуропаға аты әйгілі Мария Тальони билесе, Мәскеуде Сильфида рөлінде жаңа ғана балет мектебін бітірген Екатерина Санковская биледі. Жас Санковская би техникасы жағынан Тальонидан кем түспеді. Кейін Санковская Мария Тальонидің басқа билерін де билеп, көрермендер көңілінен шықты. Ресейде 1859 жылдан 1869 жылға дейін тұрған балетмейстер Артур Сен-Леонның балеттерінің мазмұны өте қарапайым болды. Ол тек бишілер өз шеберліктерін көрсететін тиімді билердің ыңғайлы тәсілі болды. Оның спектакльдерінде көрерменнің көз алдында сарайлар құлап, су тасқындары болып, оттар лаулап жанды, кейіпкерлері ұшақ-кілемдерде ұшып, жер астына түсетін. Сен-Леоннан кейін Петербург балет труппасының басында ұзақ жылдар бойы балетмейстер Мариус Петипа тұрды. Балет өнері мен музыкасының ілгері дамуына кезінде зор үлес қосқан орыстың ұлы сазгері П.И.Чайковский болды. Балетмейстерлер М.Петипа мен Л.И.Иванов орыстың халық билерін классикалық би үлгілерімен ұштастыра отырып, оның «Ұйқыдағы ару», «Аққу көлі» және «Щелкунчик» (1890—1895) балеттерін қойды. 1895 жылдың 15 қаңтарында «Акку көлі» Л.Иванов пен М.Петинамен қойылды. Осы уақыттан бастап тек орыс емес, бүкіл әлем классикалық балеттің дамуындағы жаңа кезең басталады. Симфониялық музыка биге тек сүйемелдеу рөлінен көтеріліп, балеттің негізгі идеясын айқындап, оның мазмұнын түсіндірді, пантомиманы ысырып, спектакльдегі басты рөльді биге берді.

Үй тапсырмасы : тақырып бойынша өз түсінігін дәптерге жазу.