Top
a

6-сынып. IV тоқсан, шетел хореографиясы пәні

6-сынып.   IV   тоқсан,  шетел хореографиясы пәні

№ 1 сабақ

Тақырыбы: Ортағасырлық еуропадағы би өнерінің қалыптасуы

Ортағасырлық Еуропада, христиан дінін қабылдаған елдерде храмдарда (ғибадатханаларда) діни драма мистериялар пайда болды. Сонымен қатар ән-биі аралас комедиялық ойын-сауықтар құдіретті фарстар кең етек жайды. Діни мазмұнды билер үлкен тойларда да орындалды. Олар, көбінесе ас табақтары ауысқанда қонақтарға ермек үшін көрсетілетін. Сондықтан оларды тамақаралық билер деп атады. Ақырындап билер өзінің діни маңызынан алшақтай бастады. Адамдар мейрам күндері биледі, көп ұзамай тұрмыстық билер пайда болды. Францияда тұрмыстық билерді — бранли деп атайды. Оны ән немесе волынканың сүймелдеуімен орындады. Бранлиді кезбе актерлер халық арасына тарата бастады. Қалаларда ашық аспан аясында жәрмеңкелер, мейрамдар өтіп тұратын. Онда би-пантомималық сахналар жиі көрсетілетін. Бай ақсүйектер халықтық ойын-сауық түрлерін өздеріне негіздеді. Әдемі дамалар мен серілер өзіндік хороводтар жүргізетін. Атакты ақсүйектер бас киіммен билейтін. Әйелдердің қолында әдемі орамалдар мен веерлер болды. Балдарда өте ақырын павана, аллеманда, сарайлық бранль биленетін. Кейінірек ырғақты, сырғымалы минуэт пен гавот, жига, бурре сынды тез биленетін билер шықты. Орта ғасырлардың аяғында Францияда және Батыс Еуропаның басқа елдерінде, көбінесе салтанатты тойлардан кейін бірінші балеттер қойыла бастады. Еуропада (ИталияФранцияАнглияИспания, тағы басқа) кәсіби балет қайта өрлеу дәуірінде дүниеге келді. Алғаш Италияда тұрмыс-салтты көрсететін би түрлері іріктеліп, жүйеге түсіп, сахналық заңдылыққа бағындырыла бастады. XVI ғасырда ат үстіндегі балет пайда болады. Францияда Людовик XIII және Людовик XIV корольдер тұсында, әсіресе ат үстіндегі кадриль-балеттер кең етек жаяды. XVI ғасырда би техникасының дамуы әлдеқайда ілгері басады. Сол кездегі атақты хореограф болып Италияда Фабрицио Карозо мен Чезаре Негри, ал Францияда Бальтазарини мен Туано Арбо саналды. Балетке кәсіби дайындалған орындаушылардың келуі бидің әрі қарай дамуына әсерін тигізді. Бірақ бұл үрдіс ұзаққа созылды. Ақырында балет өнердің жеке түріне айнала бастап, би техникасы жақсарды, темп, ырғақ күшейіп, костюм жеңілдене түсті.

Үй тапсырмасы: тақырып бойынша сұрақтар дайындау.