Top
a

6-сынып. IV тоқсан, шетел хореографиясы пәні № 2 сабақ

6-сынып.   IV тоқсан,  шетел хореографиясы пәні

№ 2 сабақ

Тақырыбы: XV-XII ғасырдағы балет өнерінің дамуы

XVI ғасырда би техникасының дамуы әлдеқайда ілгері басады. Сол кездегі атақты хореограф болып Италияда Фабрицио Карозо мен Чезаре Негри, ал Францияда Бальтазарини мен Туано Арбо саналды. 1581 жылы Венецияда Фабрицио Карозоның «Биші» атты кітабы жарық көрді. Онда ол Венецияның халық билерін, олардың орындалу техникасын, бидің негізгі қимылдарын суреттеген. Ал Францияда Туано Арбо диалог түрінде жазылған «Орхесография» атты кітабын шығарды. Сол уақыттағы балет спектакльдері үлкен сарайларда, сән-салтанат ордасында қойылып, аңыздар негізінде құрылды. Балет өнердің басқа түрлерімен тығыз байланыста дамыды. Оған, көбінесе музыка мен әдебиеттегі ағымдар ықпал жасап отырған. XVII ғасырда балет спектакльдерінің мазмұны түрлене түсіп, композициялары қиындайды. Би жаңа әрекеттермен, қимыл-қозғалыстармен байи түсті. XVII ғасырдағы балет спектакльдері, көбінесе аллегориялық болып келді. Олар сахналық машина техникасының күрделілігімен, костюмдерінің әртүрлілігі және байлығымен, көріністердің көптігімен ерекшеленеді. Әр көрініс үш, алты, тоғыз немесе он екі билерден тұрып, қорытындысында куранта, сарабанда, гавот, менуэт,ригодона билерінен тұратын «үлкен балет» көрсетілетін. «Үлкен балетте» арнайы костюмдер киген король бастаған атақты ақсүйектер ғана билей алды. Би техникасы арнайы дайындықты қажет етті. 1661 жылы Францияда Корольдік би академиясы ашылды. Бұл академияда балетмейстер Шарль Бошан бастаған он үш академик игілікті би өнерін әрі қарай дамытуды көздеді. Балеттегі барлық рөлдерді ерлер орындады. Тек 1681 жылы Шарль Бошанның «Махаббат салтанаты» балетінде бірінші рет әйелдер шықты. Олардың арасында атақты балерина Лафонтен де болды.

XVII ғасырда хореографиядағы жаңа жанр — комедия-балеттің драматургі, актері және режиссері Жан Батистп Молъер (Поклен) (1622—1673) болды. Өзінің «Мазасыздар», “Дворяндықтагы тоғышар”, «Жалған сырқат», “Де Пурсонъяк мырза” спектакльдерінде музыка, би және көріністі ұштастырған Мольердің өзі актер әрі биші ретінде сахнада өнерін көрсеткен. XVI ғасыр Англияда II Карлдың тұсында театрлар өз спектакльдеріне тұрмыстық билерді енгізген. Бұған атақты Шекспирдің шығармалары түрткі болды. Оның барлық шығармаларында билер, би мерекелері, маскарадтар суреттеледі. XVII ғасырдағы Англия ақсүйектер арасында павана, гальярда, куранта, вольта, броль, джига сынды билер етек жая бастады. Бұл билер театрланған мейрамдар мен маскарадтарда, сонымен қатар жылжымалы труппаларда орындалады.

Үй тапсырмасы: Тақырып бойынша видео жазба іздестіру.