Top
a

6-сынып.IV тоқсан, шетел хореографиясы пәні № 3 сабақ

6-сынып.   IV тоқсан,  шетел хореографиясы пәні

№ 3 сабақ

Тақырыбы: Романтизм ағымы

XIX ғасырдың 30-жылдары өнерде жаңа көркемдік бағыт романтизм өркен жайды. Хореографияда бұл ағымның ықпалы спектакльдерде жаңа тақырып, жаңа сахналық тәсілдердің пайда болуымен ерекшеленді. Барлық романтикалық балеттер бір тәсілмен құрылатын. Онда екі өмір — шынайы өмір мен фантастикалық арман өмір бір-біріне карама-қарсы келді. Бұл спектакльдің көркемдігіне, оның бүкіл атмосферасына әсерін тигізді. 1832 жылы Парижде«Гранд операда» Филиппо Тальонидің «Силъфида» балеті бірінші рет көрсетілді. Бұл балетті Филиппо Тальони өзінің қызы үшін, атақты биші Мария Тальони үшін шығарған. Сильфида — жер бетіне жиі келетін ауа перісін балетмейстер биде жеңіл де жоғары секірулер, сахна бетінде ауадай нәзік қимыл-қозғалыстар арқылы жеткізген. Сильфида рөлін орындаушы үлпілдеген көйлек-пачкамен кейіпкерінің салмақсыздығын сездіру үшін сахнада аяғының ұшымен ғана жүрді. Осыдан біз қазір білетін аяқтың ұшымен биленетін би қалыптасты. Бірақ ол кезде ұшы мен табаны қатты пуанте атты арнайы аяқкиім болған жоқ, сондықтан бишілер жұмсақ балет туфлилерімен өз саусақтарының ұшына тұрды.

Бірінші рет балетте саусақтың ұшымен Мария Тальони «Сильфида» балетінде және орыс бишісі Авдотья Истомина «Зефир мен Флора» балетінде биледі деген болжам бар.

Романтикалық балетте жетекші бишінің рөлі мен әйелдер кордебалетінің маңызы арта түсті.

Үй тапсырмасы: тақырып бойынша конспет жазу.