Top
a

Даярлық сыныбы. Композиция пәні Сабақ № 6

Даярлық сыныбы.   Композиция  пәні

Сабақ № 6

Тақырып: Ай,күн, жұлдыз, көк әлеміне байланысты оюлар.

«Күн» ою-өрнегі күнді меңзейді. Күн, Ай, Аспан бейнеленген тұмарлар қасиетті деп саналған, себебі діни ұғымда бұлардың магиялық күші бар деп сенген. «Күн», «күнкөзі», «күнсәулесі», «шыққанкүн» ою-өрнектері кілемнің, түскиіздің дәл ортасына салынады.

   «Ай» ою-өрнегі көшпенділердің космогониялық дүниетанымынан туған элемент. Ондай наным-сенімдер космогониялық діни дүниетанымнан және түркілердің Тәңірге табынуынан туған қүбылыс. «Ай» таңбасы мұсылмандардың мешіттің, күмбездің төбесіне қойылатын нышандық белгісі.

«Жұлдыз» ою-өрнегі космогониялық элементтерге жатады. Көшпенділердің қолөнері мен зергерлік бүйымдарында төрт, бес, алты, сегіз жұлдыз болып қолданады.

Үй жұмысы: Ай,күн, жұлдыз, көк әлеміне байланысты оюларды салу