Top
a

Мәтіндер

  • Рубрик нет
  • Музыкалық сауат аш, хореография, 2-сынып Сабақ № 2 Тақырыбы: Интервалдардың сандық және сапалық мөлшері Әрбір интервал екі мөлшермен анықталады – сапалық және сандық. Сандық мөлшер дегеніміз- интервалды құрайтын басқыштардың санын көрсетеді. Сапалық мөлшер дегеніміз- интервалды құрайтын бүтін тон мен жарты тондардың санын көрсетеді. Октава ішінде ( мөлшерінде ) құралған интервалдарды жай интервалдар дейміз. Барлығы – сегіз жай интервал бар. Олардың атаулары өздері орналасқан басқыштардың ауқымына байланысты. Интервалдардың аттары латын тілінде, реттік сан есім түрінде қолданылады. Бұл сандар, интервалдың жоғарғы дыбысы төменгі дыбыстан бастап санағанда нешінші басқышта тұрғанын білдіреді. Одан былай, жазуды қысқарту үшін интервалдарды цифрмен белгілеу қолданылады.  Төменде жай интервалдардың тізімі және олардың до дыбысынан

    Музыкалық сауат аш, хореография, 2-сынып Сабақ № 1 Тақырыбы: Интервалдар Екі дыбыстың бірінен соң бірі кезектесіп немесе бірге, бір уақытта үйлесуі интервал деп аталады. Латын тілінде интервал ара қашықтық дегенді білдіреді. Бірінен соң бірі алынған интервал дыбыстары мелодиялық интервал құрайды. Бір мезетте алынған интервал дыбыстары гармониялық интервал құрайды. Интервалдың төменгі дыбысы интервал тірегі, ал жоғарғы дыбысы – интервал шыңы деп аталады. Мелодиялық қозғалыста интервалдар төменгі бағытта және жоғары бағытта құрылады. Барлық гармониялық интервалдар және жоғары бағыттағы мелодиялық интервалдар тірегінен шыңына, яғни төменнен жоғары қарай оқылады. Төменгі бағыттағы мелодиялық интервалдар төмен қарай оқылады. Тапсырма:  конспект  жаз

    Музыкалық сауаттылық, хореография, 1-сынып. Сабақ № 2 Тақырыбы: Жай өлшемдер мен метрлер. Жай өлшем. Біркелкі алмасудағы бір үлестен кейін қайталанытын акценті ( әлді үлес ) бар метрді екі үлесті дейді. Біркелкі алмасудағы екі үлестен кейін қайталанатын акценті бар метрді үш үлесті дейді.  Бір акценті бар екіүлесті және үшүлесті метрлерді жай метрлер дейді. Оларды көрсететін өлшемдердің бәрі жай өлшемдер деп аталады. Жай өлшемдерге жататындар: Екі үлесті өлшемдер – 2/2, 2/4, 2/8; 2/2 өлшемді басқаша alla breve деп атайды да, «С» деп белгілейді.Үш үлесті өлшемдер – 3/2, 3 /4, 3/8, сиректеу 3/16 өлшемі кездеседі. Тактің ішінде ырғақтық топтардың құрылуын ұзақтықтардың топтастырылуы деп аталады.  Жай өлшемдердің ұзақтықтардың

    Музыкалық сауаттылық, хореография, 1-сынып. Сабақ № 1 Тақырыбы: Акцент. Метр. Өлшем. Тактылық  сызық. Затакт. Музыкада дыбыстар уақыт аралығында ұйымдастырылған. Музыкада дыбыстардың уақыт жағынан бір-біріне тең үлестермен алмасуы бірқалыпты қозғалыс тудырады оны – пульсация деп атаймыз. Мұндай қозғалыста кейбір уақыт үлестерінің дыбыстары екпінмен белгіленіп, басқа дыбыстардан ерекшеленіп тұрады. Сол екпінді акцент дейді. Акцент түсетін үлестерді әлді үлестер дейді. Акценті жоқ үлестерді әлсіз үлестер дейді. Әлді және әлсіз уақыт үлестерінің бірқалыпты алмасуын метр дейді. Әлді уақыт үлестері бір немесе екі әлсіз үлестерден кейін алмасып отырады да, музыкада қайталанып отыратын метрикалық буындардың үздіксіз қозғалысын құрайды. Уақыт үлестерінің метрикалық буынның аралығында бір әлді үлестен келесі әлді үлеске дейін

    2- сынып.  ІV тоқсан бағдарламасы бойынша 10-Сабақ Battement frappe жанына алға, артқа аяқ ұшымен еденге. https://youtu.be/6u-XwgxtKNE Дайындық қалпы: аяқтар 1-қалып, қолдар дайындық қалпы,  дене  станокқа қарау 1-ге 2-ге- preparathoin, қолдар станокты ұстайды, оң аяқ sour le cou de pied қалпында 1-ге 2-ге- оң аяқ sour le cou de pied қалпынан жанға ашады, аяқ ұшы жерге тиеді 3-ке 4-ке- күтеміз (пауза) 1-ге 2-ге- оң аяқ sour le cou de pied қалпына келеді 3- ке 4-ке - күтеміз (пауза) 1-ге 2-ге- оң аяқ sour le cou de pied қалпынан алдыға ашады, аяқ ұшы жерге тиеді 3-ке 4-ке- күтеміз (пауза) 1-ге 2-ге- оң аяқ sour le cou de pied қалпынан артқа ашады, аяқ

    2- сынып.  ІV тоқсан бағдарламасы бойынша 8 -Сабақ Rond de jambe рar terree: en dehors; en dedans. Дайындық қалпы: аяқтар 1-қалып, қолдар дайындық қалпы,  дене  станокқа қарау 1-ге 2-ге- preparathoin, қолдар станокты ұстайды, demi-rond de jambe рar terree:en dehors 1-ге 2-ге- оң аяқ аяқтың ұшымен жерді сызуды жалғастыра отырып, battement tendu артқы қалпына келгенше жалғастыра отырып, 1-қалып арқылы өтіп battement tendu алдыға жасайды, яғни аяқтың ұшымен жерге шеңбер сызады rond de jambe рar terree: en dehors 3-ке 4-ке- күтеміз (пауза) 1-ге 2-ге- оң аяқ аяқтың ұшымен жерді сызуды жалғастыра отырып, battement tendu алдыға қалпына келгенше жалғастыра отырып, 1-қалып арқылы өтіп battement tendu артқа  жасайды, яғни аяқтың ұшымен жерге шеңбер

    2- сынып.  ІV тоқсан бағдарламасы бойынша 7-Сабақ Demi-rond de jambe рar terree: en dehors; en dedans. Дайындық қалпы: аяқтар 1-қалып, қолдар дайындық қалпы,  дене  станокқа қарау 1-ге 2-ге- preparathoin, қолдар станокты ұстайды ашады, сол аяқ plie -ден тұрады 1-ге 2-ге- оң аяқ plie жасағанда сол аяқ battement temdu алдыға жасап, жерді аяқ ұшымен сыза отырып, жанға ашады  яғни (demi-rond de jambe рar terree: en dehors) 3-ке 4-ке- күтеміз (пауза) 1-ге 2-ге- оң аяқ plie жасағанда, сол аяқ battement temdu артқа жасап, жерді аяқ ұшымен сыза отырып, жанға ашады,  яғни (demi-rond de jambe рar terree: en dedans) 3-ке 4-ке- күтеміз (пауза) Жаттығуды оң аяқ және сол аяқтан қайталаңыздар, бұл жаттығу rond

    2- сынып.  ІV тоқсан бағдарламасы бойынша 6-Сабақ Sissonne simple (станок жанында) Дайындық қалпы: аяқтар 5-қалып, қолдар дайындық қалпы, дене  станокқа қарау 1-ге 2-ге- preparathoin, қолдар станокты ұстайды 1-ге - аяқтар plie жасайды, 2-ге-секіреді 5-қалыпта 3-ке 4-ке- секіртпеден жерге түскен сәтте, оң аяғың  sour lr cou de pied алдыға, ал сол аяғың plie жасап қалу керек. Қалпына оралады 3-ке 4-ке- күтеміз (пауза) Жаттығуды сол аяқтан қайталап жасаңыз Үй тапсырмасы: берілген комбинацияны қайталап жасау.

    2- сынып.  ІV тоқсан бағдарламасы бойынша 5-Сабақ Еn dehors және en dedans аяқ алмастырумен  Pas de bourree. (зал ортасында) Дайындық қалпы: аяқтар 5-қалып, қолдар дайындық қалпы,  дене  станокқа қарау 1-ге 2-ге- preparathoin, қолдар станокты ұстайды, оң аяқ  plie орындайды,сол аяқ арттан sour lr cou de pied алады  1-ге 2-ге-сол аяқ  sour lr cou de pied тен жарты башпайдан тұрған кезде, оң аяқ sour lr cou de pied алдыға алады 3-ке 4-ке- оң аяқ жанға 2-қалыпқа жарты башпайға тұрады 1-ге 2-ге -  аяқ аяқ жарты башпайдан тұрған кезде, сол аяқ sour lr cou de pied алдыға алады 3-ке 4-ке- аяқтар 5-қалыпқа plieге жабылады. Жаттығуды оң және сол аяқтан қайталаңыздар. Үй тапсырмасы: жаттығуды қайталау

    2- сынып.  ІV тоқсан бағдарламасы бойынша 4-Сабақ Releve I, II, V қ (зал ортасында) Дайындық қалпы: аяқтар 1-қалып, қолдар дайындық қалпы 1-ге 2-ге- preparathoin, қолдар 2-қалыпқа ашылады 1-ге 2-ге- аяқтар 1-қалыпқа plieге отырады, сосын plieден аяқтың жарты башпайына тұрады, тізелер қатты тартылады 3-ке 4-ке- күтеміз (пауза) releve I қалыпта 1-ге 2-ге- аяқтар 1-қалыпқа plieге отырады, сосын оң аяқ Battement tendu 2-қалыпқа ашылады 3-ке 4-ке- күтеміз (пауза) 1-ге 2-ге- аяқтар 2-қалыпқа plieге отырады, сосын plieден аяқтың жарты башпайына тұрады тізелер қатты тартылады releve II қалыпта 3-ке 4-ке- күтеміз (пауза) 1-ге 2-ге – аяқтар 2-қалыпқа plieге отырады, сосын оң аяқ Battement tendu 5-қалыпқа жабамыз. 3-ке 4-ке- күтеміз (пауза) 1-ге 2-ге- аяқтар 5-қалыпқа plieге отырады, сосын