Top
a

Музыкалық сауат аш, хореография, 2-сынып Сабақ № 1

Музыкалық сауат аш, хореография, 2-сынып

Сабақ № 1

Тақырыбы: Интервалдар

Екі дыбыстың бірінен соң бірі кезектесіп немесе бірге, бір уақытта үйлесуі интервал деп аталады. Латын тілінде интервал ара қашықтық дегенді білдіреді.

Бірінен соң бірі алынған интервал дыбыстары мелодиялық интервал құрайды.

Бір мезетте алынған интервал дыбыстары гармониялық интервал құрайды.

Интервалдың төменгі дыбысы интервал тірегі, ал жоғарғы дыбысы – интервал шыңы деп аталады.

Мелодиялық қозғалыста интервалдар төменгі бағытта және жоғары бағытта құрылады.

Барлық гармониялық интервалдар және жоғары бағыттағы мелодиялық интервалдар тірегінен шыңына, яғни төменнен жоғары қарай оқылады. Төменгі бағыттағы мелодиялық интервалдар төмен қарай оқылады.

Тапсырма:  конспект  жаз