Top
a

Музыкалық сауаттылық, хореография, 1-сынып. Сабақ № 2

Музыкалық сауаттылық, хореография, 1-сынып.

Сабақ № 2

Тақырыбы: Жай өлшемдер мен метрлер. Жай өлшем.

Біркелкі алмасудағы бір үлестен кейін қайталанытын акценті ( әлді үлес ) бар метрді екі үлесті дейді.

Біркелкі алмасудағы екі үлестен кейін қайталанатын акценті бар метрді үш үлесті дейді. 

Бір акценті бар екіүлесті және үшүлесті метрлерді жай метрлер дейді. Оларды көрсететін өлшемдердің бәрі жай өлшемдер деп аталады.

Жай өлшемдерге жататындар:

  1. Екі үлесті өлшемдер – 2/2, 2/4, 2/8; 2/2 өлшемді басқаша alla breve деп атайды да, «С» деп белгілейді.
  2. Үш үлесті өлшемдер – 3/2, 3 /4, 3/8, сиректеу 3/16 өлшемі кездеседі.

Тактің ішінде ырғақтық топтардың құрылуын ұзақтықтардың топтастырылуы деп аталады. 

Жай өлшемдердің ұзақтықтардың топтастырылуында, тактінің негізгі үлестері

( метрлік үлестері ) бір-бірінен ажыратылуы керек. Жай өлшемдердің ұзақтықтардың топтастырылуының тәртібінде келесі ерешеліктер болуы мүмкін:

  • Барлық бірдей ұзақтықтарды бір көлденең ортақ сызықпен біріктірілуі

Өлшем және ырғақ. Екпін.

   Музыкалық шығармадағы күшті және әлсіз үлестердің бірқалыпты алмасып келуін өлшем деп, ал ырғақ деген түсінік – музыканың әуенін бір уақытқа бағындыра отыра және оның дыбыс қатарын атаймыз. 

          Музыкалық шығармалардың жылдамдық қозғалысын екпін дейміз. Екпін белгілері негізгі үш топқа бөлінеді: жай, орташа, жылдам. Музыкадағы екпінді анықтау үшін итальян сөздері қолданылады.

          Жай екпіндер:

          Zargo – кең, еркін, жай

          Zento – ақырын, созылыңқы

          Adaqio – жай, маңғаздана

          Grave – ауыр, салмақты, мұңды

          Zarqietto – кең үнмен

          Орташа екпіндер:

          Andante – сабырмен, асықпай

          Andantino – кішкене тезірек

          Moderato – орташа, екпінмен

          Sostenuto – ұстамды, байсалды

          Allegretto – кішкене жайырақ

          Allegro moderato – орташа, жылдам

          Жылдам екпіндер:

          Allegro – тез, жылдам

          Vivo – шапшаң, тез

          Vivace – Vivo- дан да шапшаң

           Presto — өте жылдам

           Prestissimo – жоғары дәрежеде жылдам.

Тапсырма:  конспект жазыңыз