Top
a

Музыкалық сауат аш, хореография, 2-сынып Сабақ № 2

Музыкалық сауат аш, хореография, 2-сынып

Сабақ № 2

Тақырыбы: Интервалдардың сандық және сапалық мөлшері

Әрбір интервал екі мөлшермен анықталады – сапалық және сандық.

Сандық мөлшер дегеніміз- интервалды құрайтын басқыштардың санын көрсетеді.

Сапалық мөлшер дегеніміз- интервалды құрайтын бүтін тон мен жарты тондардың санын көрсетеді.

Октава ішінде ( мөлшерінде ) құралған интервалдарды жай интервалдар дейміз. Барлығы – сегіз жай интервал бар. Олардың атаулары өздері орналасқан басқыштардың ауқымына байланысты. Интервалдардың аттары латын тілінде, реттік сан есім түрінде қолданылады. Бұл сандар, интервалдың жоғарғы дыбысы төменгі дыбыстан бастап санағанда нешінші басқышта тұрғанын білдіреді. Одан былай, жазуды қысқарту үшін интервалдарды цифрмен белгілеу қолданылады.

 Төменде жай интервалдардың тізімі және олардың до дыбысынан жоғары және төмен қарай құралуы берілген.

  1. Прима – 1, бірінші
  2. Секунда – 2, екінші
  3. Терция – 3, үшінші
  4. Кварта – 4, төртінші
  5. Квинта – 5, бесінші
  6. Секста – 6, алтыншы
  7. Септима – 7, жетінші
  8. Октава – 8, сегізінші

 Жоғарыда айтып кеткендей, екі көршілес басқыштардың ара қашықтығы жарты тон немесе бүтін тонға тең болуы мүмкін. Осыған байланысты секунда жарты тон немесе бүтін тоннан құралуы мүмкін. 

Мысалы, секунда ми – фа = 0,5 тон; секунда фа – соль = 1 тон.

Басқада біріңғай интервалдардың тондық сандары бірдей емес.

Мысалы, терция до – ми = 2 тон; терция ре – фа = 1,5 тон.

Айтылып өткендей, интервалдың сапалық мөлшері біріңғай интервал дыбыстарының әр түрлі шығуын анықтайды.

Интервалдың сапалық мөлшері кіші, үлкен, таза, кішірейтілген, үлкейтілген деген сөздермен белгіленеді.

Октава көлеміндегі дыбыс қатарының негізгі басқыштарының арасында келесі интервалдар құрылады:

  1. Таза прималар = 0 т.
  2. Кіші секундалар = 0,5 т.
  3. Үлкен секундалар = 1 т.
  4. Кіші терциялар = 1,5 т.
  5. Үлкен терциялар = 2 т.
  6. Таза кварталар = 2,5 т.
  7. Үлкейтілген кварталар = 3 т.
  8. Кішірейтілген квинта = 3 т.
  9. Таза квинталар = 3,5 т.
  10.  Кіші сексталар = 4 т.
  11. Үлкен секталар = 4,5 т.
  12. Кіші септималар = 5 т.
  13. Үлкен септималар = 5,5 т.
  14. Таза октавалар = 6 т.

Айтылып кеткен интервалдардың бәрі негізгі интервалдар деп аталады. Классикалық музыка теориясында оларды диатоникалық интервалдар деп те атайды, өйткені олар натуралды мажор мен натуралды минор басқыштарының аралығында құрылады.

Диатоникалық интервалдардың бәрі де кез келген негізгі немесе туынды басқыштардан жоғары немесе төмеңгі бағытта құрыла береді.

Диатоникалық интервалдар әуеннің негізі болып саналады. Мелодиялық интервалдардың әр түрлі жүйелілікте үйлесуінің нәтижесінде әуендік қозғалыс алуан түрлі мәнерлікке ие болады.

Тапсырма:  конспект жаз