Top
a

Октябрь 2023

2023 жылдың 31 қазанында Астана қаласының №2 өнер мектебінің қыл қобыз аспабының педагогі, жас маман Жолдыбекова А.Т. «Қосымша музыкалық білімнің заманауи педагогикалық технологиялары» тақырыбында практикалық семинар өткізді. Семинардың мақсаты: қосымша білім беру педагогтарының біліктілігін арттыру курстарынан алған іс-тәжірибесімен бөлісу, ұстаздар арасында пікір алмасу. Педагогтер алған білімдерімен бөлісіп, оқытудағы инновациялық технологиялардың қыр-сырымен танысты.

Бүгін №2 өнер мектебінің төрінде «Төрт тоқсан-төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында айтыс өтті. Ақындар айтысының мақсаты: қазақ халқының ұлттық құндылығы, шешендік өнер арқылы мәдениеттің баға жетпес мұрасы ретінде айтысты жан-жақты насихаттау, ұлттық рух пен патриотизмге, өз халқына және оның дәстүрлеріне деген құрмет сезімін тәрбиелеу, талантты шығармашылық жастарды анықтау. Бүгін №2 өнер мектебінің төрінде осы айтыс өнері бойынша 5 жұп өнер көрсеткелі отыр. 1-ші жұп Сейсенбек Кәусар мен Алибекқызы Аруна 3-ші жұп Мейрбекұлы Нұрасыл пен Қамбарова Аружан 4 – ші жұп Жолдибеков Тәуір -Қазкенова Гүлімай 5- ші жұп Қожамуратов Амангелді – Абдықадыр

Ансамбльдер номинациясы бойынша Бас жүлде – №70мл, «Жас өрен» ансамблі. Жетекшілері: Ниханбаева Гульжан Марсельқызы,Ниханбаева Карлыга Жумахановна. 1 орын - №49мг ансамблі, жетекшісі: Сулейменова Молдир Айдынбековна; 2орын - №58мг - «Наркескен» домбырашылар ансамблі,жетекшісі: Монкебаев Марат Жарылқасынұлы; 2 орын - №48мл, «Домбыра дастан» ансамблі,жетекшісі: Кируова Жанат Каримовна 3 орын - №24ом ансамблі,жетекшісі: Серикбаева Назипа Полатовна; 3 орын- №27мл,  «Ақжелең» ансамблі,жетекшісі: Жардемов Мейрамбек Батырұлы Қатысқаны үшін дипломдар: Байтурсынов атындағы БИНОМ мл-«Сарыарқа» көркемөнерпаздар ансамблі, жетекшісі: Серікқазина Айгерім Серікқазықызы, Алпысбаева Гульжамал; №34ом ансамблі, жетекшісі:Алтынбекова Лаура Абаевна; №77мг- «Жас өркен» ансамблі, жетекшісі: Ахметова Сағила Райымбекқызы; Ұлттық аспаптарда ойнау номинациясы бойынша Кіші топ 1 орын - №28мл оқушысы Өсер Әділет,жетекшісі: Молдахметов Казымбек Молдабекович 2 орын - №37мл оқушысы: Асқаров Алинұр, жетекшісі: Исаева Роза Калымбаевна; 2

15 қазан күні Астана қаласында өткен "Бала шабыты" халықаралық байқауына мектебіміздің домбыра сыныбының 3 сынып оқушысы - Махамбет Шыңғыс қатысып, жүлделі 2 орынға ие болды. Жетекшісі: Берік Ишанкулов. Құттықтаймыз!

04 қазан күні мектебімізге ҚР еңбек сіңіргенқайраткері, профессор, Қазақ ұлттық өнеруниверситетінің «Қобыз және орыс халықаспаптары» кафедрасының меңгерушісі РаушанҚожабекқызы Мұсаходжаева және Халықаралықбайқаулардың лауреаты, Қазақ ұлттық өнеруниверситетінің аға оқытушысы, «Мәдениетсаласының үздігі» Алмат Сайжан - Қазақ ұлттық өнер университетінің өнерлі студенттерімен келіп концерт қойып, керемет көңіл күй сыйлады. Мектебіміздің оқушылары аға-әпкелерінің ойнаған үздік шығармаларын тыңдап, қанаттанып, шабыттанып ерекше әсер алды.

Бүгін “Арт- Тұмар” сәндік қолданбалы өнер орталығының сурет бөлімінің оқушылары жетекшілері Райхан Алимгазинамен бірге “Qazaq Content” Қазақстан заманауи өнер көрмесінің ашылуына барып, Асел Сабыржанқызының заманауи техникада кілемге салынған суреттерін тамашалады.