Top
a

№2 Өнер мектебінің «Айналайын» хоры және «Қазғарыш» мектеп-лицейінің оқушылары танымал әнші Садраддиннің «Ана» әнін орындады

Адам жан дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ананың ақ сүтімен, әлпештеп өсіруімен, яғни ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – АНА.

Ананың мейірімі жан-жағына өз шуағын төгуі арқылы әлем нұрланады. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейірім алып жүрген перзент еліне елеулі, халқына қалаулы  азамат болары хақ.

Келе жатқан 8 наурыз — Аналар мерекесі қарсаныңда Астана қаласы әкімдігінің №2 Өнер мектебінің «Айналайын» хоры және Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің оқушылары танымал әнші Садраддиннің «Ана» әнін орындап, әлемнің барша аналарына тағзым етті.