Ел болашағы — салауатты өмір салты
8 қыркүйек күні №2 өнер мектебінің оқушылары мен ұстаздары сергіту сәті челленджін өткізді. Мақсаты: балалардың салауатты өмір салтын насихаттау Міндеттері: - физикалық, психологиялық стрессті төмендетуге ықпал ету; - оқу іс-әрекеті процесінде шаршаудың алдын алуға, физикалық белсенділікті арттыруға ықпал ету; - балалардың денсаулығын сақтау мақсатында жұмыс қабілеттілігін арттыруға ықпал ету.
Оқушыларымыз Ұлттық балаларды оңалту орталығында мерекелік концерт қойды
30 тамыз – ҚР Конституция күніне орай Астана қаласы әкімдігінің «№2 Өнер мектебі» Ұлттық балаларды оңалту орталығының Әлеуметтік-педагогикалық оңалту басқармасы ұжымымен бірлесіп қайырымдылық кеш ұйымдастырды. Мектепбіміздің өнерпаздары орталықтың ем алушы пациенттеріне қуанышты көңіл күй сыйлады. Орталық басшылығы Астана қаласының «№2 Өнер мектебі» директоры Гүлмира Жангелдіқызына қолдау көрсеткені үшін Алғыс хатпен марапаттады.
Оқушыларымыз «Мектепке жол» акциясының аясында концерт қойды
Мектебіміз «Мектепке жол» акциясының аясында Орталық алаңда концерттік іс-шара ұйымдастырды. Концертті қала тұрғындары мен қонақтары тамашалады. https://youtu.be/GESZB6ciC1o?si=9Ta0c_22dfJEJa1X Акцияның негізгі мақсаты – мектепке балаларды жинау балалардың оқумен қамтылмауын анықтау, балалардың мектепке себепсіз келмеуінің алдын алу, аз қамтылған отбасыларға және балаларға қамқоршыларды бекіту болып табылады. Бұл ретте акцияның негізгі міндеттерінің бірі – барлық балаларды міндетті орта білім алу құқықтарымен қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен тарту.
Мектеп ұжымы «Мектепке жол» акциясы аясында мерекелік концер өткізді
Мектебіміздің өнерлі оқушылары мен ұстаздары 1 қыркүйек «Білім күні» қарсаңында өтіп жатқан «Мектепке жол» акциясы аясында үлкен мерекелік концер өткізді.
«Өнер — өмір өрнегі» халықаралық жобасы аясында кездесу өтті
2023 жылдың 16 тамызында Астана қаласыәкімдігінің №2 өнер мектебіне «Өнер - өмір өрнегі» халықаралық жоба аясында Якутск қаласы, Саха Республикасы (Якутия) Мәдениет және рухани даму министрлігі Геомәдени даму институтының жетекші әдіскері Бережнова Анжелика Николаевна жол сапарымен келді. Негізінен бұл жоба 2023 жылдың 21 сәуіріндетелекөпір ретінде екі мемлекет арасында өткен болатын, сол себепті бүгінгі іс-шара сол жобаның сабақтастығы десек болады. Іс сапардың мақсаты: №2 өнер мектебімен жақынырақ танысу, оқушылардың өнерін тамашалау, Қазақстан-Саха елдерімен, Астана-Якутск қалаларымен, қазақ халқының ұлттық аспаптары және фольклорымен танысу. Үшсағаттың ішінде директор Гүлмира Жангелдіқызының жетекшілігімен №2 өнер мектебі педагогтарының ұжымы ұлттық аспаптың шексіз мүмкіндіктерін көрсете отырып, оқушылар арасында халық шығармашылығы мен фольклорды насихаттау туралы өз тәжірибесімен бөлісті, мектептің тұрмыс тіршілігімен таныстырды. Іс-шара барысында Анжелика Николаевнамузыка өнерінің шексіздігі, Қазақстан - Саха ұлттық аспаптары мен фольклорының ұқсастықтары туралы сөз
2023-2024 жаңа оқу жылына қабылдау басталды
Астана қаласы әкімдігінің №2 Өнер мектебінің 2023-2024 жаңа оқу жылына қабылдау басталды. Қабылдау уақыты: 9.00-18.00 / 13.00-14.00 түскі асқа үзіліс/ Қосымша ақпарат үшін: 87172 26 62 38 / 87172 26 62 41 Іріктеуде баланың шығармашылық қабілеті қарастырылады. Іріктеуден өткеннен кейінгі екінші этап құжаттар қабылдау. https://youtu.be/5yjrrQZl-q0
Оқушыларымыз Домбыра күніне арналған челенджге қатысты
Бүгін М.Өтемісов атындағы оқушылар сарайының алдында “Домбыра күні”мерекесіне арналған челлендж өтті. Қаламыздың жалпы білім және қосымша білім беру мекемелерінің оқушылары, мұғалімдері қатысып, “Балбырауын”, “Еркесылқым”, “Тепенкөк” күйлерін тартты. https://youtu.be/PT4CqyN9GtQ Іс-шараға белсенділік танытып қатысқан мектебіміздің домбыра сыныбының оқушыларына және мұғалімдеріміз Қайрат Дарибаев пен Берік Ишанкуловқа алғыс білдіреміз!
Еліміздің үздік мұғалімдерін марапттауға мектебімізден кандидатуралар ұсынылды
Астана қаласының Білім басқармасы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылғы 22 маусымдағы №6-12/3816-И хаты негізінде еліміздің үздік мұғалімдерін жыл сайынғы марапаттауға қатысты кандидатураларды ұсыну: Оқу -ағарту министрлігінің "Алғыс хаты" дипломымен марапаттауға үміткер- Жумабаева Гулшат Дуйсенбаевна Оқу ағарту министрлігінің "Құрмет грамотасы" дипломымен марапаттауға үміткер-Шарипов Руслан Танекеевич "Қосымша білім беру үздігі" құрмет дипломымен марапаттауға үміткер - Дүйсен Назгүл Жетпісбайқызы
Жазғы концерт: қортынды
Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Орталық алаңда 2 өнер мектебінің оқушылары әр демалыс сайын 1 ай көлемінде өткізген жазғы концертімізді қортындыладық. Бір ай көлемінде концертімізді тамашалаған барша Астана тұрғындары мен қонақтары, кішкентай бүлдіршіндерге үлкен алғыс білдіреміз. https://youtu.be/yhp51bPXltA
Оқушыларымыз Әкелер күні аясында өткізілген шараға қатысты
Бүгін Астана қаласы, Есіл ауданы, Ботаникалық саябақта Астана қаласының Білім басқармасы және Әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен Әкелер күніне орай іс-шара өтті. Бұл іс-шараға 2 өнер мектебінің “Көркемсурет” бөлімінің оқушылары қатысып, сурет салу шеберлік сыныбын өткізді. Жетекшілер: Р. Қуанов, Р. Шарипов