Top
a

Март 2024

Наурыз мейрамы құтты болсын! Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт - береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ бол болсын!

Бүгін сағат 12:00-де Астана қаласының білім беру ұйымдарында «Күй күмбірі» атты республикалық челлендж өтті.  Челленджге 2 өнер мектебінің оқушылары да қатысып, қазақ күйлерін орындады. Астана қаласы білім басқармасының хабарлауынша, 127 мың елордалық оқушы мен студент бір уақытта Құрманғазының «Балбырауын», «Адай», «Сарыарқа» күйлерін орындады. Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған челленджді қолдап, Райымбек батыр атындағы №50 “Қазғарыш” мектеп-лицейіне ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев келіп, 300 оқушымен бірге халық күйі «Келіншекті» орындады.  Наурыз мейрамына арналған республикалық челлендж өскелең ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік құндылықтар мен патриоттық сезімдерді қалыптастыруға, балалар арасында домбырада ойнауды насихаттауға бағытталған. Домбырашылар челленджінің мақсаты – балалар мен

Наурызнаманың онкүндігі аясында 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай мектебіміздің ұжымы мен оқушылары, ата-аналары, ата-әжелері ұлттық нақышта безендірілген киімдер киіп, арнайы көтерілген киіз үйде наурыз көже мен ыстық бауырсаққа толы кең дастархан жайып, Наурыз мерекесін тойлады. https://youtu.be/t0GNT9Ob3lE?si=IUt4H0OJXMSDcdj9

Астана қаласы жалпы және қосымша білім беру мектептерінің арасында қалалық «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» кино байқауы өтті. Байқауға 12 мектептен өтініш түсіп, 20 жұмыс қаралды . Қазылар алқасының шешімімен байқаудың жеңімпаздары келесі жүлделі орындарға ие болды: Бас жүлде – «Ойынды кино» - №75 мг, Бердібек Темирлан. Жетекшісі: Мырзахметова Айгерим Тулегеновна; І жүлде – «Stop - motion»,«№26 мектеп-гимназия», Касенова Іңкәр, жет: Жумабекова Шаттык Серикбековна; ІІ орын – «Киножурнал»- №74 мектеп-гимназия, Есенжол Раяна , жетекші: Уалихан Адильхан Уалиханулы; ІІ орын – «Үздік әлеуметтік жарнама», №76 мектеп-лицей, Алиев Азиз, Касимова Д.А. ІІІ орын –

«Көрісу» мерекесінің таңында «Хабар» арнасындағы тікелей эфирде жүретін «Оян» бағдарламасының түсіріліміне  мектебіміздің «Кербез сұлу» жетігеншілер ансамблі және жетекшісі Гүлмира Асылбек сұхбат беріп, өз өнерлерін көрсетті. https://youtu.be/h-ywcvPLU30?si=gHi0oslqI3k0DwLe

14 наурыз Көркемсурет бөлімінің оқушылары ҚР Президент орталығында өткен “Жүрегім, тірегім-Қазақстан” атты көрменің ашылуына және шеберлік сабақтарына қатысты. Жетекшілер:Р.Шарипов, Р.Қуанов

2 наурыз күні мектебімізде Қазанғап Тілепбергенұлының 170 жылдық мерейтойына арналған мектепішілік «Ғасырлар пернесі » атты домбырашылар байқауы өтті Ұйымдастырушылар: Астана қаласы әкімдігінің « №2  өнер мектебі», музыка бөлімі, домбыра сыныбының ұстаздары   Республикалық «Ғасырлар пернесі » атты  байқауының қазылар құрамы: Байқауға – 14 оқушы қатысты. Қазылар алқасының шешімімен байқаудың жеңімпаздары келесі жүлделі       орындарға  ие болды: 7-9 жас (кіші топ) категориясы:     І орын- Әбілхан Нарұлан .жет : Айжарыков Н.Ө.   ІІ орын – Нургалиев Али.жет. Мырзаханов Ж.Қ ІІІ орын – Қамалұлы Иманғали. Жет: Ишанкулов Б.Қ 10-12 жас (орта топ) категориясы    І орын- Жанхан Еркежан. Жет: Мырзаханов Ж.Қ ІІ орын – Муратов Мансур. Жет: Нахаева Ж.Б ІІІ орын

Астана қаласында 6 наурыз күні өткен Республикалық "КӨКТЕМ НҰРЫ" ән байқауына мектебіміздің вокал сыныбының оқушылары қатысып төмендегі орындарға ие болды:              1 орын-Ахметова Дария 2 орын-Бигетаева Аяна 2 орын - Заруан Мұстафа Жетекшісі: Рая Оразбаева Құттықтаймыз!

Республикалық «Наурыз-жыл басы» атты сурет байқауының қорытындысы 1 Наурыз күні №2 өнер мектебінде Республикалық «Наурыз- жыл басы» байқауы өтті.  Ұйымдастырушылар: Астана қаласының Білім басқармасы,  Астана қаласы әкімдігінің « №2  өнер мектебі» МКҚК Байқауға - 200 оқушы қатысты.Іріктеуден 60 жұмыс өтіп, негізгі байқауда қаралды. 2024 жылдың 01 наурыз күні сағат 10.00-де қазылар алқасы жұмыстарды қарады. Қазылар алқасының шешімімен байқаудың жеңімпаздары келесі жүлделі       орындарға  ие болды: 9- 11 жас (кіші топ) категориясы: Бас жүлде – Касимова Айдай Ануаровна, («Темір аудандық көркемсурет мектебі» МКҚК, Ақтөбе облысы);     І орын- Бодыкова Инабат (КГКП «Актогай балалар өнер мектебі» Актогай ауданы);   ІІ орын – Макашева Алуа (BINOM SCHOOL мл,им.К.Сатбаева);    ІІ орын – Сарыбай Зере, №56 мл; ІІІ орын – Кенесова Кәусар Мирамбекқызы («Темір аудандық көркемсурет мектебі» МКҚК, Ақтөбе облысы); ІІІ орын - Бакирова Валерия (Обл.Жетісу, Талдыкорган қаласы);  ІІІ орын - Мусалимова Амира