Top
a

Февраль 2024

Адам жан дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ананың ақ сүтімен, әлпештеп өсіруімен, яғни ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – АНА. Ананың мейірімі жан-жағына өз шуағын төгуі арқылы әлем нұрланады. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейірім алып жүрген перзент еліне елеулі, халқына қалаулы  азамат болары хақ. Келе жатқан 8 наурыз - Аналар мерекесі қарсаныңда Астана қаласы әкімдігінің №2 Өнер мектебінің «Айналайын» хоры және Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің оқушылары танымал әнші Садраддиннің «Ана» әнін орындап, әлемнің

“Балбұлақ” балалар мен жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен өткен “Мұқағали оқулары- Мен өмірді жырлау үшін келгенмін” атты халықаралық байқауына мектебіміздің вокал және дәстүрлі ән  сыныптарының оқушылары қатысып, төмендегі орындарға ие болды: Бас жүлде - Кажибаев Мухаммад АльАмин        Бас жүлде - Сагидуллаев Ілияс                       Бас жүлде - Айтуған Нурсая                                І орын - Әбілхан Әбілмансұр                             

Бүгін Қазақ радиосының “Балаларға базарлық” хабарына 2 Өнер мектебінің театр бөлімінің 1 және 2 сынып оқушылары барып, әйгілі боксшы Бекзат Саттархановқа арналған  Әлібек Байболдың “Бекзат- чемпион”  атты рух туралы поэтикалық әпсанасын  дыбыстап  келді. Болашақта бірнеше ертегі мен балаларға арналған әңгімелерді жазу жоспарда бар.  Жетекшісі: Кайрбекова Гульнара  Хабардың авторы - Толқын Сұлтан

Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар!!!  2005 жылы  ашылған №2 өнер мектебіне биыл 19 жыл толып отыр. Баршаңызды осы мерейлі  мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!   Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениетіміздің асыл қазынасын , өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін, өнерін білетін оны қадірлеп, қастерлейтін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелей беріңіздер. Өнерлі, талантты оқушыларыңыз №2 өнер мектебінің абыройын асқақтатып, биік шыңдардан көріне берсін!

Астана қаласы №3 музыка мектебінің ұйымдастыруымен өткен “Үміт жұлдыздары” қалалық байқауына мектебіміздің вокал сыныбының оқушылары қатысып, төмендегі орындарға ие болды: 1 орын - Жалғасова Айару 1 орын - Айбекқызы Махаббат 1 орын - Қажибаев Мухаммад Альамин Жетекшілері: Р.Жумабаев, О. Ашим Құттықтаймыз!

Астана қаласында өткен халықаралық “Сахна жұлдызы” байқауына мектебіміздің жетіген сыныбының оқушылары қатысып, төмендегі орындарға ие болды. Базарбай Рабиа - Бас жүлде Мақан Інжу- 1 орын Заманбек Таңшолпан - 1 орын.  Жеткшісі: Г. Асылбек. Құттықтаймыз!

Астана қаласында өткен  халықаралық "Жұлдыздар жарығы" балалар мен жасөспірімдер байқауына мектебіміздің би сыныбының оқушылары қатысып, жүлделі 1 орынға ие болды. Жетекшілері: Ж.Рамазан, А.Нурмашева. Құттықтаймыз!

“Балбұлақ” балалар мен жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен өткен “Мұқағали оқулары - Мен өмірді жырлау үшін келгенмін” атты халықаралық байқауына мектебіміздің вокал сыныбының оқушысы  Жанат Нұрлы 1 орынға ие болды. Жетекшісі: Рустем Жумабаев Құттықтаймыз!