Top
a

Бүгін Халықаралық театр күні!

🎭Бұл театр қайраткерлерінің кәсіби мерекесі ғана емес, күллі өнерсүйер қауымның мерекесі. Ұлы өнердің ұлықталар күні.

🎭1961 жылы Халықаралық Театр институты Вена қаласында өткен IX конгресінде 27 наурызды «Халықаралық театр күні» (World Theatre Day) деп бекіткен болатын.

🎭Театр атауы көне грек тілінің «theatron» (θέατρον) сөзінен шыққан. Комедия мен трагедия — театрдың ең танымал жанрлары. Екі жанрды сипаттайтын бетперде театр нышанына айналған.

🎭Деректерге сүйенсек, тұңғыш театрлық қойылым біздің дәуірімізге дейін 2500 жыл болған. Алғашқы театрлық ойын Мысырда қойылды, оның сюжетіне мысыр аңызының образдары — Осирис құдайының хикаялары енді.

Барша әріптестерімізді, ұстаздарымызды, оқушыларымызды және театрсүйер қауымды бүгінгі мерекемен құттықтаймыз.