Top
a

«Балалықтан даналыққа» семинар-практикумы өтті

Мектебімізде «Балалықтан даналыққа» тақырыбында кітап талдау семинар-практикумы өтті. 

Семинарға  тіл маманы, кітап насихаттаушы блогер, “Отбасы хрестоматиясы” қоғамдық қорының Астанадағы өкілі —  Айнұр Бұлақбай қатысып өз іс-тәжірисімен бөлісті.

Семинардың мақсаты: Бала тәрбиесіне қатысты ұлттық әдебиет пен дәстүрлік тағылымдар, рухани жан азығын алу, жеке тұлға ретінде танылу сияқты  сұрақтарға жауап беру. Ұрпақ тәрбиесінің бастауы – ұлттық құндылықтарды бойға сіңіру, салт-дәстүрімізді сақтай алу, бала бойында қалыптастыру.

Педагогтер семинар тақырыбына  қатысты өз ойларымен бөлісіп,  балаларға арналған кітаптармен танысты.