Top
a

«1 маусым – Балалар күні» мерекесіне орай концерт өтеді

«ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» ЖШС Астана қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасы және Есіл ауданының әкімдігінің қолдауымен 2023 жылдың 1 маусым күні сағат 12:00-де «Қазақ радиосы көшесінде балалар мерекесі» атты концерттік шара өтеді. 

«1 маусым – Балалар күні» мерекесіне орай өтетін концертте Астана қаласы Әкімдігінің №2 Өнер мектебінің жас өнерпаздары мен радио қызметкерлері өнер көрсетіп, қазақ ертегілерінің кейіпкерлері балаларға қуаныш сыйлайды. 

Келіңіздер, көріңіздер!