Top
a

Июнь 2023

Астана қаласының Білім басқармасы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылғы 22 маусымдағы №6-12/3816-И хаты негізінде еліміздің үздік мұғалімдерін жыл сайынғы марапаттауға қатысты кандидатураларды ұсыну: Оқу -ағарту министрлігінің "Алғыс хаты" дипломымен марапаттауға үміткер- Жумабаева Гулшат Дуйсенбаевна              Оқу ағарту министрлігінің "Құрмет грамотасы" дипломымен марапаттауға үміткер-Шарипов Руслан Танекеевич                                                           "Қосымша білім беру үздігі" құрмет дипломымен марапаттауға үміткер - Дүйсен Назгүл Жетпісбайқызы

Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Орталық алаңда 2 өнер мектебінің оқушылары әр демалыс сайын 1 ай көлемінде өткізген жазғы концертімізді қортындыладық. Бір ай көлемінде концертімізді тамашалаған барша Астана тұрғындары мен қонақтары, кішкентай бүлдіршіндерге үлкен алғыс білдіреміз. https://youtu.be/yhp51bPXltA

Бүгін Астана қаласы, Есіл ауданы, Ботаникалық саябақта Астана қаласының Білім басқармасы және Әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен Әкелер күніне орай  іс-шара өтті.  Бұл іс-шараға 2 өнер мектебінің “Көркемсурет” бөлімінің оқушылары қатысып, сурет салу шеберлік сыныбын өткізді.  Жетекшілер: Р. Қуанов, Р. Шарипов

Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Орталық алаңда 2 өнер мектебінің оқушылары “ Тәуелсіз елдің ұланымыз” атты концерт өткізді. Іс-шараны Астана тұрғындары мен қонақтары, кішкентай бүлдіршіндер тамашалады.

Бүгін мектебімізде түлектеріміздің куәлік тапсыру кеші өтті.  2022-2023 оқу жылында барлығы 105 түлек шықты Оның ішінде, музыка бөлімі, домбыра сыныбы – 12 музыка бөлімі, баян сыныбы – 1  музыка бөлімі, қобыз сыныбы – 3 музыка бөлімі, фортепиано сыныбы – 3 музыка бөлімі, эстрадалық вокал сыныбы – 12 музыка бөлімі, дәстүрлі ән сыныбы – 8 көркемөнер бөлімі, сурет сыныбы -29 көркемөнер бөлімі, киімді көркемдеп үлгілеу сыныбы -12 театр өнері бөлімі, театр сыныбы -25 32 түлегіміз қызыл куәлікпен үздік аяқтады Белсенді оқушылар және оқуды жақсы деген бағаға аяқтаған оқушыларды мақтау қағазы және алғыс хаттармен мектеп директоры Гүлмира Жангелдіқызы марапаттады.

3-4 маусым күндері Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Орталық алаңда 2 өнер мектебінің оқушылары “ Тәуелсіз елдің ұланымыз”, “Бақытты балалық шақ” атты концерттерін берді.  Іс-шараны Астана тұрғындары мен қонақтары, кішкентай бүлдіршіндер тамашалады.

https://youtu.be/lXETVdj5cbc Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.