Top
a

Сахна тілі

Тақырыбы:  Қан айналу процесі Дем алу және дем шығару қан айналым жүйесі арқылы ағзаның барлық мүшелеріне әсер етеді.  Сахна тілінде де қан айналу процесіне үлкен мән берген жөн. Демді дұрыс алмасақ, басымыз айналады. Сол себепті демнің дұрыс алу жолы - ол аралас –диафрагмалық дем алу жолы, яғни толық тыныс алу. Адамның  жүріс –тұрысы, отырысы, денесін ұстауы барлығы дұрыс болу үшін адамда   қан айналымы дұрыс болу керек. Өкпедегі көмірқышқыл газды шығарудың нәтижесінде қанның оттегімен байланысқа түсуі, көмірқышқыл газы ұлпалары қанға өту арқылы оттегі беруді жеңілдетеді. Қан айналу процесін дұрыстау үшін алдымен  дұрыс дем алуды үйренуіміз керек Олай болса жаттығуларды

Тақырыбы: Комплексті дауыс жаттығулары Мақсаттылық жаттығулар артикуляциялық аппаратты керек дыбыстарды дұрыс айтуына дайындауына көмектеседі. Бұл жаттығулар, дыбыстың дұрыс артикуляциясынан таңдалып алынған, сондықтан оларды комплекстерге бірлестіру қажет. Әрбір комплекс еріннін, тілдің белгілі қозғалыстарын және қалыптарын дайындап, бағытталған ауа үрлеуін шығаруды дағдыландырады, яғни, дыбыстың дұрыс шығаруына керектісін дайындайды. Артикуляциялық гимнастикасы еріннің және тілдің негізгі, барлық дыбыстардың анық, дұрыс айтуына қажетті қозғалыстарынан және қалыптарынан басталуы керек. Тапсырма: Ерінді күлімсіретіп ұстау, алдыңғы, жоғарғы және астыңғы тістер көрініп тұрады. Ерінд іалға қарай созу («Керней») Еріннін қалыптарын кезектестіру: ерінді күлімсірету-керней Ауызды жайбырақат ашып-жұму, ерін күлімсіреп тұрады Тілді жалпыйтып ұстау Тілді жіңішкертіп ұстау Тілдің қалыптарын кезектеп жасау: жалпақ-жіңішке Тілді жоғарғы тістердің артына көтеріп ұстау Тілді кезекпен: жоғарыға көтеріп-астына түсіру Тілдің мынадай қалыптарын кезектеу (тілдің

Тақырыбы: Аралас диафрагмалық немесе толық тыныстау          Жалпы дем алудың баршаға белгілі 3 түрі бар. Олар:  кеудемен дем алу, ішпен дем алу, аралас-диафрагмалық , яғни толық дем алу.  Айтар болсақ, алғашқы  айтылған дем алудың екі түрі сөйлеу сазын дамытуға тиімсіз әдіс.  Бұл арада үшінші әдіс- аралас-диафрагмалық  яғни, толық  тыныс алу  жайында даралап айтудың артықшылығы мол. Бұндай демалыста кеуде  бұлшықеттері мен іш қатпары бір мезгілде жұмыс жасайды.  Толық дем алған тұста- кеуде көкіректей кеңіп, дыбыс жолдары ашыла түседі. Сөйлеу сазын дұрыс жолға қоюдың ең тиімді тыныс үлгісі міне, осы.  Ол үшін мынадай машықтау жұмыстарын жүргізу керек. Фонациялық  дем алумен шұғылданбас бұрын