Top
a

Сахна тілі

Тақырыбы:Дауыс ырғағы  мен қуаттылығын қалыптастыру, дауыс мүмкіндігін пайдалана білу Дауыс ырғағы  мен қуаттылығын қалыптастыру,  дауыс мүмкіндігін пайдалана білу үшін,  дұрыстап тыныстау қажет. Және дауысты күшейту немесе бәсеңсіту, сөз ырғағын жылдамдату немесе баяулату, үннің әуезділігі мен  дауыс сапасын арттыру сияқты жаттығу кезінде, ести білу қабілетіңе баса назар аударылады. Қоңыр, әдемі дауыс - бұл ең алдымен дұрыс дем алудың арқасы. Демек, демді дұрыс алу керексің. Есіңізде болсын, үнемі мұрынмен дем ал. Ауыз арқылы тыныс алу әдеті адам ағзасына өте зиянды: бұл қалқанша безінің, бүкіл тыныс алу жүйесінің ауруларына әкеледі. Мұрынмен тыныс алу жұтқыншақ пен өкпелерді суық ауа мен шаңнан қорғайды, өкпелерді жақсы желдетеді, ортаңғы құлақтың қуысы, мидың қан

Тақырыбы: Мәтінмен жұмыс жасау Әдеби шығармалар оқу арқылы,  мәтінмен жұмыс жасау жолдарын дұрыс игеріп, әдеби, драматургиялық шығармадағы, мәтіннің мазмұны мен форма тұтастығын, әдеби тіл нормасын, орфоэпиялық заңдылықты қолдануды үйрену керексің. Ішкі жан әлемің мен рухани-адамгершілік құндылықтарыңды байытып, көркемдік талғамыңды кеңейту және тіл мәдениетін қалыптастыру, көркем шығармаларды өз бетіңше іздеп, қызығып оқуға  дағдылану керек. Өз ойынды еркін, шешен, әсерлі жеткізіп, дене сымбаттылығыңды қалыптастырып, актерлық ойдың табиғаты және оны тәрбилеудің негізгі жолдарын игеріп, рухани дүниесіңді кеңейту, ақыл-ойы мен ұлттық сана-сезіміңді дамыту керек. Сөздік қорыңды  молайтып, көркем мәнерлі, сөзді сазына келтіріп оқуды үйрену керексің. Тапсырма: Мына сұрақтың жауабын дәптер бетіне түсір: Тілдің адам өмірінде атқаратын рөлі?Сахна тілінің актер шеберлігіндегі

Тақырыбы:  Дене бұлшық еттеріне арналған жаттығулар Актердың  ең  басты қаруы  денесі. Актер ол- әрекет етуші.  Денеміздің бос, еркін болуы    сахнада ғана емес, жалпы өмірде де  маңызы зор. Сахнада өмірдегідей еркін және сымбатты жүріп-тұруға, айтайын деген ойыныңды, көрермен тыңдаушы қауымға жеткізе білуде, өзіңді, еркін сезіне алатын дәрежеге жетуің үшін, әуелі сахнаға шығарып, әртүрлі машықтану, дене қыздыру, дене сіресулерін  және ішкі, сыртқы тыныс бұлшық еттерін шынықтыруға  арналган тренинг-жаттығуларды жасау керексің. Тапсырма: 1. Алақанды бір-біріне ысқылаймыз да, денемізге қағып тастаймыз. 2. 10-ға дейін секіреміз 3. Күнге созыламыз, лифттің есігін ашамыз, қабырғаға жабысып шығалмай жатырмыз, екі қолымызбен қабырғаны итереміз. 4. Сынып қалдың. Қайталаймыз 5. Тербелеміз. 10-ға дейін санап, еркін түзу дене қалпына келеміз. 

Тақырыбы:Комплексті дауыс жаттығулары Арнайы мақсатқа жасалатын жаттығулар, артикуляциялық аппараттардың, керек дыбыстардың дұрыс шығуына көмектеседі. Әрбір комплекс еріннің, тілдің, жақтың белгілі қозғалыстарын және қалыптарын дайындап, бағытталған ауаны үрлеп шығаруға дағдыландырады. Артикуляциялық гимнастикасы еріннің және тілдің негізгі, барлық дыбыстардың анық, дұрыс айтуына қажетті қозғалыстарынан және қалыптарынан басталуы керек. Тапсырмалар: Әріптердің анық айтылуы. Мысалы: Б-Т-К-С-М әріптері БА-БЕ-БО-БУ 4-РЕТБАББА-БЕББЕ-БОББО-БУББУ 4-РЕТБА-БА-БА-БА-БАБ 4-РЕТТА-ТЕ-ТО-ТУ 4-РЕТТАТТА-ТЕТТЕ-ТОТТО-ТУТТУ 4-РЕТТА-ТА-ТА-ТА-ТАТ 4-РЕТКА-КЕ-КО-КУ 4-РЕТКАККА-КЕККЕ-КОККО-КУККУ 4-РЕТСА-СЕ-СО-СУ 4-РЕТСАССА-СЕССЕ-СОССО-СУССУ 4-РЕТСА-СА-СА-СА-САС 4-РЕТМА-МЕ-МО-МУ 4-РЕТМАММА-МЕММЕ-МОММО-МУММУ 4-РЕТМА-МА-МА-МА-МАМ 4-РЕТ Тез,темп қоса отырып, анық  сөйлеу.  Кез-келген жанылтпаш таңдауға болады Жаңылтпаш арқылы, сөзге әрекет қосып, қол шапалақтап.  Жаңылтпаш арқылы,иық пен санды ұрғылап. Жаңылтпаш арқылы, оң мен сол аяқтың сыртқы  екі жағын ұрғылап. Жаңылтпаш арқылы,оң мен сол аяқтың ішкі екі жағын ұрғылап.  Жаңылтпаш арқылы,жүгіріп жылдамдықпен.  Жаңылтпаш арқылы,орындықтан,

Тақырыбы: Аралас диафрагмалық немесе толық тыныстау Тынысты жылдамдықпен шығару. Тыныс жолдары кедергілері Жалпы дем алудың белгілі 3 түрі бар: кеудемен дем алу, ішпен дем алу, аралас-диафрагмалық , яғни толық дем алу.  Алғашқы  айтылған дем алудың екі түрі тиімсіз әдіс.  Бұл арада үшінші әдіс, аралас-диафрагмалық  яғни, толық  тыныс алу бізге ерекше. Бұл әдісте, кеуде  бұлшықеттері мен іш қатпары бір мезгілде жұмыс жасайды.  Толық дем алған тұста- кеуде көкіректей кеңіп, дыбыс жолдары ашыла түседі. Дауысты  дұрыс, әсерлі жолға қоюдың ең тиімді тыныс үлгісі. Толық кеудемен дем алған кезде, дауыс жарқын әрі қатты шығады. Ал ішпен тыныс алғанда дауыс тұншығып, төмен  шығады.  Алақаныңды кеуде мен

Тақырыбы: Тіл техникасының комплексті жаттығулары Ерін, тіл, жақ,тіл техникасының негізгі. Барлық дыбыстардың анық, дұрыс айтуы,ерін, тіл, жақ қозғалыстарынан және қалыптарынан бастау керек. Арнайы мақсатқа жасалатын жаттығулар, артикуляциялық аппараттардың, керек дыбыстардың дұрыс айтылуына көмектеседі. Әрбір комплекс еріннің, тілдің, жақтың белгілі қозғалыстарын және қалыптарын дайындап, бағытталған ауаны үрлеп шығаруға дағдыландырады. Тапсырмалар: Гигиеналық массаждар 1. Сөз сөйлеу апараттарын дайындаймыз 2. Саусағымызбен басқа массаж жасаймыз («м» дыбысын айта отырып) 3. Маңдай, бет, иек, мойын, кеуде, қабырға, ішімізге массаж жасаймыз Вибрациялық жаттығулар Астыңғы ернімізді саусағымыздың ұшымен соққылаймыз («б» әріпін айта отырып)Үстіңгі ернімізді саусағымыздың ұшымен соққылаймыз («з» әріпін айта отырып)Аузымызды  ашып, астыңғы иегімізді қолдың қырымен  соққылаймыз («а»әріпін айта отырып)Кеудемізді жұдырықпен соққылаймыз («а» әріпін айта отырып)Қабырғаларымызды қолдың қырымен  соққылаймыз(«а»

Тақырыбы: Ішкі және сыртқы тыныс бұлшық еттерін анықтау Адамның тыныс алу жүйесі - адамның сыртқы тыныс алу қызметін қамтамасыз ететін органдар жиынтығы. Әдеттегі тыныс диафрагма және сыртқы бұлшықеттердің белсенділігімен байланысты. Тыныс алғанда диафрагма төмендейді, қабырғалары көтеріледі, олардың арасындағы қашықтық артады. Дем шығару көбінесе пассивті, ал ішкі қабырғааралық бұлшықеттер мен іш қуысы бұлшықеттері белсенді жұмыс істейді. Дем шығарған кезде диафрагма көтеріліп, қабырғалары төмен түседі, олардың арасындағы қашықтық азаяды. Кеуде қуысын кеңейту әдісімен тыныс алудың екі түрі ажыратылады: кеудедегі тыныс алу - кеуде қуысының кеңеюі;іштің тынысы - кеуде қуысының кеңеюі диафрагманы тегістеу арқылы жасалады; Икемді, қоңыр, әдемі дауыс - бұл ең алдымен дұрыс дем алудың арқасы. Демек демді