Top
a

Ұлы жеңіс-ұрпаққа аманат

Бүгін мектебімізде 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр — Жеңіс күні мерекесіне орай «Ұлы жеңіс — ұрпаққа аманат»  тақырынба тәрбие сағаты өтті.

Тәрбие сағаты оқушылардың атамекен, туған жерді қорғай білу, отансүйгіштік сезімдерін ояту, патриотизмді қалыптастыруға арналды.

Іс-шарада театр бөлімінің оқушылары театрландырылған қойылым қойып, музыка бөлімі оқушылары  ән-күйлерін арнап, өз өнерлерін көрсетті.

Өткізген: М.Тастенова, Ж. Тәңірберген,А. Жарденбекқызы.