Top
a

Мектебіміз «ШАТТЫҚ-2023» БАЙҚАУЫН «Театр» жанры бойынша ұйымдастырды

№2 Өнер мектебі Астана қалалық «Шаттық-2023» байқауын «Театр» жанры бойынша өткізді.

Байқауда қала мектептерінен 50-ден астам кіші, орта және жоғары топ жас мөлшері бойынша білім ордалары өз өнер көрсетті. 

МАҚСАТЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ: 

o Музыка, хореография, театр, сәндік-қолданбалы өнер саласындағы қосымша білім беру мазмұнын дамыту.  

o Шығармашылық ұжымдардың сапалы нәтижелерін анықтау.   

o Шығармашылық әлеуетті дамыту, кәсіби біліктілікті жоғарылату, қосымша білім беру ұстаздары арасында шығармашылық тәжірибе алмастыру.  Қазақстан, әлем, Отан, жер, болашақ, экология, достық – осы тақырыптар «Шаттық-2023» байқауының негізі болмақ.  

o Қолданбалы шеберліктің орындаушылық деңгейін жоғарылату, оқушылар мен ұстаздарды заманауи материалдармен және авторлық технологиялармен таныстыру, ерекше ойлар іздестіруге ынталандыру.  

o Балалар мен жасөспірімдерге өз даралықтары мен дағдыларын танытуға мүмкіндік беру.

Айта кетерлігі, «Шаттық» фестивалі – жыл сайын өткізілетін дәстүрлі байқау. Балаларға білім берумен қатар шығармашылығын дамытуды көздейтін байқауда Астана қаласы білім мекемелерінің дарынды оқушылары вокал, хореография, аспапты музыка, театр, бейнелеу өнері, фотосурет, хор әні, 3Д-модельдеу бойынша бақ сынайды.