Top
a

Мектебіміздің Есеп беру концерті жоғарғы деңгейде өтті

Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайының сахнасында №2 Өнер мектебінің «Жаңа қадам-жаңа ұрпақ» атты жылдық есеп беру концерті өтті.

Концерттің мақсаты №2 өнер мектебінің жыл бойы жеткен жетістіктерін айқындап, 2022-2023 оқу жылында түрлі байқаулар мен фестивальдарға қатысып, жүлделі орындарғы ие болып жүрген оқушылардың  және түлектердің өнерін көрермен қауымның назарына ұсыну. Өнер мектебінде оқитын балалардың жұлдызын жағып, талантын шыңдау басты міндетіміз болып отыр. 

Болашақта аға буын, еліміздің өнер жұлдыздарына ұқсап, өнермен сусындап өссін деген ниетпен кешімізге шақырылған Қазақстан эстрадасының жарық жұлдыздары Майра Ильясова, Жанар Дугалова, Маржан Арапбаева, Мақпал Жұмабай оқушыларымызбен бірге өнер көрсетті. 

Концертті ата-аналар, оқушылардың орта мектептеріндегі сынып жетекшілері, мектеп басшылары, БАҚ өкілдері және қала тұрғындары мен қонақтары тамашалады.