Top
a

Сольфеджио

Сабақ № 1 Тақырып: Ре мажор тональдігі Ре мажор тональдігінің ережесі: Ре мажор – мажор сазына жатады,Ре мажордың тоникасы – ре,Ре мажордың кілттік белгілері: фа#, до#,Ре мажордың тұрақты дыбыстары: ре, фа#, ля,Ре мажор – си минорға параллель.  Тұрақты дыбыстары: ре, фа#, ля Тұрақсыз дыбыстары: ми, соль, си, до# Ре мажордың гаммасы: ре, ми, фа#, сол, ля, си, до#, ре. Үйге тапсырма: Ре мажор тональдігінің ережесін жаттау, Ре мажор гаммасын әндетіп айту,Тұрақсыз дыбыстарды тұрақты дыбысқа шешу.