Top
a

Март 2024

Бүгін №2 өнер мектебінің ұжымына Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Есіл ауданы ТЖБ Аға инженері Азаматтық қорғау аға лейтенанты Мейраш Илияс Қанатұлы келіп өрт қауіпсіздігі туралы және жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы түсіндірме жұмыстарын өткізді.

Астана қаласы №2 музыка мектебінің ұйымдастыруымен өткен қалалық "Шырқалады әсем ән" байқауына мектебіміздің дәстүрлі ән сыныбының оқушысы Базарбек Асылжан қатысып Бас жүлдеге ие болды.  Жетекшісі: Мейрхан Нұржан Құттықтаймыз!

2 наурыз күні Театр сыныбы "Ғажайып балалар" театры оқушылары ата-аналарға арнап сыныптық концерттерін берді. Балалар аналарға, әжелеріне қойылым қойып,  өлең жолдарын, әндерін арнап, би билеп керемет көңіл-күй сыйлады. Жетекшісі: Гүлнар Қайырбекова