Top
a

ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ «КҮЙ КҮМБІРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖІНЕ ҚАТЫСТЫ

Бүгін сағат 12:00-де Астана қаласының білім беру ұйымдарында «Күй күмбірі» атты республикалық челлендж өтті. 

Челленджге 2 өнер мектебінің оқушылары да қатысып, қазақ күйлерін орындады.

Астана қаласы білім басқармасының хабарлауынша, 127 мың елордалық оқушы мен студент бір уақытта Құрманғазының «Балбырауын», «Адай», «Сарыарқа» күйлерін орындады.

Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған челленджді қолдап, Райымбек батыр атындағы №50 “Қазғарыш” мектеп-лицейіне ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев келіп, 300 оқушымен бірге халық күйі «Келіншекті» орындады. 

Наурыз мейрамына арналған республикалық челлендж өскелең ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік құндылықтар мен патриоттық сезімдерді қалыптастыруға, балалар арасында домбырада ойнауды насихаттауға бағытталған.

Домбырашылар челленджінің мақсаты – балалар мен жастардың, мұғалімдер мен ата-аналардың музыкадағы шығармашылық жетістіктерін көрсету және ұлттық аспабымыз домбыраны барынша дәріптеу.