Top
a

Январь 2024

“Балбұлақ” балалар мен жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен өткен “Мұқағали оқулары: Мен өмірді жырлау үшін келгенмін” атты халықаралық байқауына мектебіміздің вокал сыныптарының оқушылары қатысып, төмендегі орындарға ие болды: Бас жүлде - Мырзалы Бақдәулет 1 орын- Мейірбекұлы Рауан Жетекшісі: Рустем Жумабаев Құттықтаймыз!

29 қаңтар күні мектебімізде "Адамгершілік-асыл қасиет" атты сынып сағаты өтті.  Мақсаты: Қайырымдылық, ізгілік, кішіпейілділік, бауырмалдық сияқты адамгершілік қасиеттерді жас жеткіншектердің бойына сіңіріп, күнделікті қолдана білуге үйрету. Жақсы қасиетттерді бойына сіңіріп, адамгершілікке,мейірімділікке тәрбиелеу.  Өткізген: А.Кенжегулова, Т.Каскенова, Қ.Дарибаев.

29 қаңтар күні №2 өнер мектебінің ұжымына Өрт қауіпсіздік ережелері  және терроризмнің алдын алу шаралары бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  Арнайы жасалынған видеороликтер көрсетіліп, өрттің тағы да басқа қауіпті факторларды болдырмас үшін қажетті шараларды қолдану жолдары айтылды.  Үнемі сақ жүруге, ең басты құндылық адамның өмірі екендігі түсіндірілді. Өткізген жауапты мұғалімдер: Р.Шарипов, Б.Баймурзаев Г.Асылбек.

Республикалық  «Наурыз – жыл басы» атты Сурет байқауының ережесі Өткізілетін орны:№ 2 Өнер мектебіЖұмыстарды байқауға тапсыру уақыты:  Іріктеу:               Негізгі байқау                                                                        01 - 26 ақпанға дейін Қатысу тегін. oner2_baiqay@mail.ru эл почтасында қабылданады 28 ақпан 01 наурызМарапаттау: 02 наурыз,11.00 де Ұйымдастырушылар:Астана қаласы  Білім басқармасыАстана қаласы № 2 өнер мектебі  Қатысушылар:Байқаудың жас категориясына сәйкес барлық тілек білдірушілер қатыса алады. (Жалпы білім беру және қосымша білім беру мекемелерінің оқушылары)   Мақсаты: Оқушыларды төл мерекеміз Наурыздың шығу тарихымен

1 қосымша Қалалық «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» атты  қашықтықтан өтетін кино байқауының Ережесі Байқаудың өтілу күні: 12 наурыз 2024 жыл Өткізілетін орны:         № 2 Өнер мектебі  Уақыты:                        10.00-15.00 Ұйымдастырушылар: Астана қаласы әкімдігініңБілім басқармасы                                          № 2 Өнер мектебі Қатысушылар:              Астана қаласы жалпы жәнеқосымша білім беру                                      ұйымдарының 11-17 жас аралығындағы   білім алушылары1. Мақсаты: кинематография арқылы білім алушылардың бойына моральдық-адамгершілік,эстетикалық және әдеп құндылықтардықалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердіңрухани, зияткерлік және шығармашылық дамуынаықпал ету, дарынды балалар мен жастарды анықтаужәне қолдау, балаларды қосымша біліммен қамту.2. Фестивальдің міндеттері:1) балалардың интеллектуалдық жәнешығармашылық қабілеттерін дамыту;2) өскелең ұрпаққа қызықты болатын сұрақтармен мәселелерді анықтау;3) өнегелі, рухани және отбасылыққұндылықтарды насихаттау;4) неғұрлым талантты актерлерді, сценаристерді,режиссерлерді анықтау, олардың шығармашылықбелсенділігі мен кәсіби бағдарлануынынталандыру. Кино байқауды өткізу шарты және тәртібі Байқау

Ұлттық музейде «Суреттер сыр шертеді» атты музейлік сабақ өтті.  Бұл іс-шараға мектебіміздің сурет бөлімінің оқушылары қатысты. Шараның мақсаты – оқушыларға бейнелеу өнері туралы мағлұмат бере отырып отандық қылқалам шеберлерінің жұмыстарын насихаттау.  Шара барысында ҚР Ұлттық музейі Өнертану бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Маржан Мұсатай оқушыларға бейнелеу өнерінің қалыптасу тарихы мен қылқалам шеберлері, олардың жұмыстары жайлы баяндады.  Сонымен қатар, балалар қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі – Әбілхан Қастеевтің өмір жолымен, хас шебердің музей қорында сақталып тұрған туындыларымен танысты.  Шараға қатысқан оқушыларымыз сабақ кезінде сурет салып, музей қызметкерлері арнайы дайындаған түрлі тапсырмаларды орындады. Жетекшісі:

"Көркемсурет" бөлімінде «Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы» атты сынып сағаты өтті. Мақсаты: Ұлттық caнa-ceзімі қaлыптacқaн, ұлттық құндылықтaр мeн жaлпы aдaмзaттық құндылықтaрды өзaрa ұштacтырa aлaтын ұлтжaнды тұлғaны тәрбиeлeу.  Өткізген: И. Халиева.

Астана қаласы әкімдігінің «Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония» МКҚК ғимаратында «Гәкку» ансамбілінің 10 жылдық мерейтой кеші өтті. Концертке мектебіміздің “Өркен” домбырашылар ансамблі бишілермен бірге үлкен сахнада өнер көрсетіп, “Гәкку” би ұжымына өз қолдауларын білдірді.  Жетекшісі: Н. Айжарыков

Астана қаласы Оқушылар сарайында өткен "Golden dream" халықаралық көп жанрлы байқауына мектебіміздің оқушылары қатысып, төмендегі орындарға ие болды: "Ерке сылқым" би ансамблі - Бас жүлде. Ұстаздары: Рамазан Ж, Нурмашева А. 1 орын-Асылбек Жоламан 1 орын-Дәурен Назым Жетекшісі: Ж.Кумисбекова Концертмейстр Г.Маханова Құттықтаймыз!

Астана қаласында "Аstana Stars" орталығының ұйымдастыруымен өткен халықаралық байқауда мектебімздің оқушысы Әбілхан Әбілмансұр-Бас жүлдеге, "Өркен" домбырашылар ансамблі - І орынға ие болды.  Жетекшісі: Нұрхан Айжарыков.  Құттықтаймыз!