Top
a

Республикалық «Наурыз – жыл басы» атты Сурет байқауының ережесі

Республикалық  «Наурыз – жыл басы» атты

Сурет байқауының ережесі

Өткізілетін орны:№ 2 Өнер мектебі
Жұмыстарды байқауға тапсыру уақыты:  Іріктеу:              


 Негізгі байқау                                                                        
01 — 26 ақпанға дейін Қатысу тегін.
oner2_baiqay@mail.ru эл почтасында қабылданады
28 ақпан 01 наурыз
Марапаттау: 02 наурыз,11.00 де 
Ұйымдастырушылар:Астана қаласы  Білім басқармасыАстана қаласы № 2 өнер мектебі  
Қатысушылар:Байқаудың жас категориясына сәйкес барлық тілек білдірушілер қатыса алады. (Жалпы білім беру және қосымша білім беру мекемелерінің оқушылары)
  

Мақсаты:

Оқушыларды төл мерекеміз Наурыздың шығу тарихымен таныстыру, көктем мезгілінің әсем табиғатын өз сезімімен жеткізе біліп, терең ойлауға үйрету,елінің тарихымен таныстыру және халқының  

салт –дәстүр, әдет –ғұрпын дәріптеуге баулу. 

Міндеттері:✓ «Наурыз –жыл басы» тақырыбында сурет салу арқылы оқушылардың ой, қиял-елестерін дамыту;✓ Оқушылар арасында көнеден келе жатқан ұлттық қол өнерімізді насихаттау.✓ Ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу

Байқауға қатысушылар: 

Байқаудың жас категориясына сәйкес барлық тілек білдірушілер қатыса алады. Байқау 9-17жас аралығында өткізіледі;

        А) кіші топ- 9- 11 жас аралығында.

        Б) орта топ — 12-14 жас аралығында.

        В) үлкен топ  — 15-17 жас аралығында.

Оқушыларға қойылатын талаптар:

 —  Байқауға А3 формат бетіне түсірілген суреттер; 

 — Сурет салу техникасы Кескіндеме (түрлі –түсті карандаш, пастель, акрил т.б) барлық жұмыстар тақырыпқа сай болуы шарт. 

 — төменгі оң бұрышында оқушы туралы мәліметтолтырылады:

 — оқушының толық аты-жөні; жетекшісі;

— салынған суреттер паспортуда (ағаш рамкадағы суреттер қабылданбайды) болу керек; 

—  Әр мекемеден жас категориясы бойынша үлкен топтан 2 оқушы, орта топ 2 оқушы, кіші топтан 2 оқушы ғана қатыса алады.(Үлкен топтан-2 сурет, орта топтан-2 сурет,кіші топтан-2 сурет) ✓ Байқауға қатысу үшін өтініштер ( Word  және PDF форматында мектеп директорының қолымен, мөрімен расталсын) oner2_baiqay@mail.ru эл почтасына 25ақпанға дейін жіберілу керек! 

Астана қаласы бойынша қатысушылар  жұмыстарын 26 ақпанға дейін  Есіл ауданыДостық 13, ЖК Нұрсая-2 адресінде орналасқан №2 өнер мектебіне акеліп тапсыру керек!!!

Іріктеуден өткен жұмыстар бойынша жетекшілерге хабарлап айтылады.

                                                                                                               – 

Республиканың басқа өңірінен қатысатын оқушылар жұмыстарын Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық 13 көшесі, ЖК Нұрсая-2 адресінде орналасқан №2 өнер мектебі мекен жайына 26 ақпанға дейін жіберілуі керек. Индекс – 010000.

Бағалау белгілері:

— Орындаудың  көркемдік деңгейі, тақырыпқа сәйкестігі, ашуы;

— Ойлаудың идеялық мазмұны мен түпнұсқалығы, композициялық шешіміндегі ерекшелік;

— Ойдың тұтастығы және іске асырылуы,орындалу техникасының ерекшелігі;

— Автор жасының шығармашылық деңгейге сай болуы. 

Ескерту: Байқау жұмыстары плагиат, көшірме немесе басқа авторлар  жұмысының бөлшегі болмауы қажет. Қатысушы жұмыстың авторлығына толық жауап береді. Жалған жұмыстар айғақталған жағдайда қазылар алқасы жұмысты қарастырмайды. 

БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ӨТКІЗУ:1. Байқау жеңімпаздары, жетекшілері дипломдармен марапатталады;

Қатысқаны үшін диплом берілмейді!

Қазылар алқасының шешімі өзгертілмейді және талқыланбайды.

Марапаттау – 2 наурыз  сағ 11.00 де №2 өнер мектебінде өтеді.

Басқа өңірлердің жеңімпаздарының дипломдары 2024 жылдың 04 наурызына дейін жетекшілердің эл почталарына жіберіледі

1қосымша 

Толық аты-жөні (құжат бойынша)Туған күні, айы, жылыБілім ұйымының атауы/облыс/аудан/ауылЖұмыстың тақырыбыОрындау техникасыЖұмыс көлеміЖетекшінің толық аты-жөні(құжат бойынша), байланыс тел, эл почта(толық жазылуы тиіс)
       

Жауаптылар: Көркемсурет бөлімінің мұғалімдері-   Қуанов Руслан – 87024037802, , Райхан Алимгазина- 87073470746

Жолдыбекова Маржан — 87024999677                                          

№ 2 Өнер мектебі

Мекен-жайы: Астана қаласы, Достық 13. ЖК Нұрсая-2

тел.: 26- 62- 38

oner2_baiqay@mail.ru