Top
a

Қалалық «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» атты қашықтықтан өтетін кино байқауының ЕРЕЖЕСІ

1 қосымша

Қалалық «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» атты  қашықтықтан өтетін кино байқауының

Ережесі

Байқаудың өтілу күні: 12 наурыз 2024 жыл

Өткізілетін орны:         № 2 Өнер мектебі 

Уақыты:                        10.00-15.00

Ұйымдастырушылар: Астана қаласы әкімдігініңБілім басқармасы

                                         № 2 Өнер мектебі

Қатысушылар:              Астана қаласы жалпы жәнеқосымша білім беру                                      ұйымдарының 11-17 жас аралығындағы   білім алушылары1. Мақсаты: кинематография арқылы білім алушылардың бойына моральдық-адамгершілік,эстетикалық және әдеп құндылықтардықалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердіңрухани, зияткерлік және шығармашылық дамуынаықпал ету, дарынды балалар мен жастарды анықтаужәне қолдау, балаларды қосымша біліммен қамту.2. Фестивальдің міндеттері:1) балалардың интеллектуалдық жәнешығармашылық қабілеттерін дамыту;2) өскелең ұрпаққа қызықты болатын сұрақтармен мәселелерді анықтау;3) өнегелі, рухани және отбасылыққұндылықтарды насихаттау;4) неғұрлым талантты актерлерді, сценаристерді,режиссерлерді анықтау, олардың шығармашылықбелсенділігі мен кәсіби бағдарлануынынталандыру.

Кино байқауды өткізу шарты және тәртібі

Байқау екі кезеңде өткізіледі:

Бірінші кезең қалалық байқау;

Екінші кезең (қорытынды) – республикалық фестиваль. 

Қалалық кино байқаудың жеңімпаздары Республикалық кино фестиваліне жолдама алады.— Кино байқауға әр мектеп 7 номинация бойынша жұмыстар жіберілу керек.- дәстүрлі немесе сандық технологиялардың (видео, фотокамера, ұялы телефон) көмегімен түсірілген 3 минутқа дейінгі қысқа метражды фильмдер түсірілу керек. — Байқауға бір автор бір фильмнен артық ұсына алмайды.- www.youtube.com каналында MP 4 форматында орналастырылған бейнежазбаға сілтемелерді(бейне сапалы, тоқтаусыз бір роликпен жазылуы керек. Әр түрлі үзінділерден «кесінділерге» жол берілмейді) өтінішпен бірге жіберілу керек. 

Байқау төменгі номинациялар бойынша өткізіледі:1) ойынды кино – операторлық және режиссерлік, актерлік ойындар өнері көмегімен түсірілген сюжетті (ойдан шығарылған немесе нақты оқиға желісі бойынша) шығарма;2) STOP-MOTION-видео – технологиясымен құрылған видео, сюжетті шығарма. Таңдап алынғанвидеодан немесе фотокамерадан түсірілгенкадрларды тізбектей монтаждалатын ролик;3) үздік әлеуметтік жарнама – қалың көрерменаудиториясының назарын қоғам мәселелерінеаудару үшін қысқа жарнамалық хабарлама;4) үздік бейнеклип, бейнеролик – көркем авторлық тұжырымдаманы қамтитын және оныбілдіру үшін бейне техникасы мен компьютерлікөңдеудің соңғы құралдарын қолданатын бейне;5) телевизиялық сюжет – отбасы тарихы, туған өлке, мектеп және басқа да қызықты оқиғалартуралы қысқаша ақпаратты қамтитын кинохроника;6) балаларға арналған ең жақсытелебағдарлама – балалардың өмірін бейнелейтінжеке эпизодтар, көріністері бар қысқа метраждыфильм;7) үздік ғылыми-көркем фильм – ғылыми-зерттеу, ғылыми-көпшілік, оқу киносы.

Байқау жұмыстары келесі бағалау өлшемдерібойынша бағаланады:1) тақырыпты ашу тереңдігі, өзектілігі,эмоциялық әсері;2) режиссерлік және операторлық өнері(түсірілімнің күрделілігі, техникалық сапасы,бейнесуреттің анықтығы және дыбыстың сапасы,монтаждау өнері);3) музыкалық сүйемелдеу.

Байқау жұмыстарының мазмұнына қойылатын талаптар: өмір, жұмыс,балалардың қызығушылықтары, олардыңармандары; салауатты өмір салтыннасихаттау;

мейірімділік және қайырымдылық таныту;

әлеуметтік​құзыреттілік,​білім​алушыларды​өз​халқының​мәденидәстүрлеріне, жалпыадамзаттық құндылықтарға баулу;

ұрпақтар диалогі;

қоршаған орта экологиясы және оны қорғау;

отансүйгіштік​қасиеттерді​таныту​және​өз​тілін​үйренуге қызығушылық.

Байқаужұмыстарынресімдеугеқойылатынтехникалық талаптар.

1. Видеоның форматы: mp4 (16:9 көлденең түсірілген видео). Жұмыста видеофильмдерден алынған видео, фото, интервью, блиц-сұрақтар, көркем суреттер, титрлар мен субтитрлар, фрагменттер, музыка, кадр сыртындағы дыбыстар,видеофильмдерден алынған фрагменттерқолданылады. Жұмыстың қысқаша сипаттамасында немесе титрде фильмде қолданылғанматериалдардың авторлары көрсетілуі тиіс.

 2. Фестивальге бір автор бір фильмнен артықұсына алмайды. Фестивальге ұсынылған фильмдер қайтарылмайды. Фестивальге ұсынылған фильмнің дыбысталуынан немесебейнеленуінен ақауы бар материалдар байқауға қатыстырылмайды.3. Фильм бөтен адамның авторлық құқығын бұзбауы керек. Фильмде нәсілдік, ұлтаралық, діниымырасыздық элементтері, азаматтардыңқұқықтары мен қадір-қасиетін бұзуға және зорлық-зомбылыққа шақырулар болмауы, ҚазақстанРеспубликасының заңнамасына қайшы келмеуітиіс.4. Фестивальді ұйымдастырушылар байқауға қатысқан жұмыстарды бұқаралық ақпаратқұралдарында авторды көрсете отырып жариялауғақұқылы.

Өтініш пен фильмдерді және www.youtube.comканалында MP 4 форматында орналастырылған бейнежазбаларға сілтемелерді, қатысушылардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін №2 Өнер мектебініңoner_mektebi_2@mail.ru электронды почтасына 2024жылдың 9 наурызына дейін тапсыру керек.Өтініш төмендегі (2 қосымша) үлгі бойыншатолтырылу қажет.  

Қазылар алқасының шешімі өзгертілмейді және талқыланбайды.

Жеңімпаздар Бас жүлде, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Барлық дипломдар 15 наурызға дейін жетекшілердің эл почталарына жіберілетін болады.

Ұйымдастыру комитетінің өкілдері: А.Қуанышева-87024412811 Ұ.Асанова,Ж.Тәңірберген, Г.Қайрбекова – 87024861695.,     

№ 2 Өнер мектебі

Мекен-жайы: Астана қаласы, Достық 13, ЖК Нұрсая-2

тел: 26-62-47;

E-mailoner_mektebi_2@mail.ru

2 қосымша

«Қазақстан балалары шексіз әлемде!» қалалық байқауға қатысуға

өтінім

ЖұмысаталуыОрындаушыныңТ.А.Туған күніТұрғылықтымекенжайы,электрондыпошта, телефонБілімберуұйымы,сыныпЖетекшініңтелефоны,электрондыпоштасы
1«Ойынды кино»
       
2«STOP-MOTION-видео»
       
3«Өткір әлеуметтік тақырыптық бағыттағы бейнеөнім»
       
4«Музыкалық клип»
       
5«Телевизиялық сюжет»
       
6«Киножурнал»
       
7«Ғылыми кино»