Top
a

Ата-аналар жиналысы өтті

20 қыркүйек күні эстрадалық вокал және дәстүрлі ән сыныптарының ата-аналар жиналысы өтті.

Жиналыста бөлім басшысы Р.Кашканова «Оқу мен тәрбие егіз» атты баяндамасын оқыды.

Оқушының үйдегі және мектептегі тәрбиесі, ата-ана мен ұстаздың арасындағы қарым-қатынас жайлы айтылды. 

Мектептің оқыту бағдарламасымен, ішкі талаптарымен, әдеп нормаларымен таныстырды. Ата-аналар тарапынан да көп жауапкершілік керектігін атап өтті. 

«Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени ағартушылық жобасы аясында  Республика күні қарсаңында өтетін «Ақындар айтысы» сайысы жөнінде эстрадалық вокал мұғалімі Әшім Өзгербек ата-аналарға қысқаша мәлімет берді.

Мектебіміздің осы шараға жауапты екенін, жалпы мектепте қатысушылармен дайындық жүріп жатқандығы жайлы, мұндай шаралардың қазіргі күнде қаншалықты қажеттігін, қасиетті ана тіліміздің, ұлттық өнеріміздің маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ ата-аналарды оқушы ережесі, өмір қауіпсіздік ережелерімен таныстырылып, өрт қауіпсіздігі және антитеррорлық қауіпсіздік шаралары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ата-аналар оқу процесіне байланысты сұрақтар қойып, әр сынып жетекшілері қойылған сауалдарға толығымен жауап берді. Алдағы апталарда мектебіміздің барлық бөлімдерінде ата-аналар жиналысы өтілетін болады.