Top
a

Терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтті

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығына сәйкес 4-27 қыркүйек аралығында мектеп мұғалімдері, оқушылар ата-аналарға терроризмге қарсы оқу-жаттығу, түсіндірме жұмыстарын мектебіміздің антитеррорлық қауіпсіздік жұмыстарын жүргізу жұмыстарынажауапты мұғалім Б.Баймурзаев өткізді.

Оқу-жаттығу, түсіндірме жұмыстарын жүргізудегі түпкі мақсат – техникалық құралдардың тұрақты жұмыс істеуін бақылаудан бөлек, қауіп төнген жағдайда оқушылар, мұғалімдер мен қызметкерлердің дұрыс әрі қауіпсіздікті сақтап, жедел әрекет етуіне бағдарлау.

 Арнайы өткізілген оқу-жаттығу барысында терроризм мен экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдарын, елімізге келтіретін зардаптары туралы мұғалімдермен, ата-аналармен жан-жақты талдап, оқушыларды  қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға шақырды.

Еліміз аман-жұртымыз тыныш болсын!