Top
a

Апрель 2023

https://youtu.be/-g2NMLbdRak Abai tv телеарнасынан №2 Өнер мектебінің «Жаңа қадам –жаңа ұрпақ» атты 2022-2023 оқу жылының есеп беру концерті «Мәдени жаңалықтардан» көрсетілді. Айта кетерлігі, ақпарат кеңістігіне «Ақыл- ойдың айнасы» деген ұранмен жол тартқан «Abai tv» телеарнасы қазақ және орыс тілдерінде тәулігіне 17 сағат хабар таратады. Эфирдің 90 %-ы телеарнаның төл туындыларынан құралады, яғни телеарнада түсірілетін бағдарламалар, фильмдер мен телехикаялар. Хабарлардың жанрлар бойынша үлесі: Театр және кино-13%, музыка -11%, әдебиет - 8%, тарих -24%, мәдени-танымдық 44%.

ІІІ Халықаралық "Arte Italiana" өнер байқауынан оқушымыз Қырмызы Мұратбек фортепиано (11-14 жас) бағыты бойынша ІІ дәрежелі  дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Карина Айтказина "Өркен" домбырашылар ансамблі - 1 орын Жеке орындауда: 1. Музатов Аян - 1 орын 2. Қожахмет Исламбек - 1 орын 3. Смагулов Эмир - 1 орын Жетекшісі: Нұрхан Айжарықов Құттықтаймыз!

2023 жылдың 21 сәуірінде Астана қаласы әкімдігінің №2 өнер мектебі және Якутск қаласы, Саха (Якутия) республикасының өнер мектебінің арасында телекөпір-кездесу өтті. Бұл біздің тәжірибеміздегі халықаралық деңгейдегі алғашқы кездесу, сондықтан ол жемісті болады және болашақта өз жалғасын табады деп үміттенеміз.   Телекөпірдің мақсаты: оқушылардың бір-бірімен тәжірибе алмасуы, Қазақстан-Сахаелдерімен, Астана-Якутск қалаларымен, Саха ұлттық аспаптары және фольклорымен танысу.  Бір жарым сағат ішінде директор Гүлмира Жангелдіқызының жетекшілігімен № 2 өнер мектебі педагогтарының ұжымы ұлттық аспаптың шексіз мүмкіндіктерін көрсете отырып, оқушылар арасында халық шығармашылығы мен фольклорды насихаттау туралы өз тәжірибесімен бөлісті, нәтижеге бағдарланған қосымша білім беру бағдарламаларымен танысты. Телекөпір барысында арнайы қонақтар шақырылды, яғни олар Қазақстанның мақтанышы Димаш Құдайбергеннің анасы, әнші Айтпаева Светлана Ермековна және  Қазақстанда тұратын саха өкілі Алматы қаласы  әл-Фараби атындағы Қазақ

Оқушыларымыз «Bi dayysy» республикалық балалар шығармашылығы байқауына қатысып, өзіндік шеберлігі мен шығармашылық деңгейін көрсеткені үшін 14-17 жас аралығында «Көркем сөз» аталымы бойынша төмендегі орындарға ие болды: I орын - Сымбат Жумаалиева («Бұл менің әлемім»)  ІІ орын - Талшын Әбен («Қалжын»)  Жетекшісі: Аяулым Қуанышева Құттықтаймыз!

Дәстүрлі халықаралық «Бала шабыты»  байқауына мектебіміздің домбыра сыныбының оқушылары қатысып, төмендегі орындарға ие болды: Бас жүлде Гран при: Шыңғыс Махамбет Әлім Рерих 1 орын: Әлима Жеңіс Санжар Болатхан 2 орын: Маржан Мүтәлі Жетекші: Берік Ишанкулов Құттықтаймыз!

Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайының сахнасында №2 Өнер мектебінің «Жаңа қадам-жаңа ұрпақ» атты жылдық есеп беру концерті өтті. Концерттің мақсаты №2 өнер мектебінің жыл бойы жеткен жетістіктерін айқындап, 2022-2023 оқу жылында түрлі байқаулар мен фестивальдарға қатысып, жүлделі орындарғы ие болып жүрген оқушылардың  және түлектердің өнерін көрермен қауымның назарына ұсыну. Өнер мектебінде оқитын балалардың жұлдызын жағып, талантын шыңдау басты міндетіміз болып отыр.  Болашақта аға буын, еліміздің өнер жұлдыздарына ұқсап, өнермен сусындап өссін деген ниетпен кешімізге шақырылған Қазақстан эстрадасының жарық жұлдыздары Майра Ильясова, Жанар Дугалова, Маржан Арапбаева, Мақпал Жұмабай оқушыларымызбен бірге өнер көрсетті.  Концертті ата-аналар, оқушылардың орта мектептеріндегі

Оқушыларымыз «Өркен» ІХ Ашық Республикалық балалар бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер көрме-байқауына "Ұлы саяхаттар, өнертабыстар" номинациясы бойынша қатысып, төмендегі орындарға ие болды: 1 орын - Атымтай Даниял  3 орын - Ахметжан Айгерім 3 орын - Мухамбетова Ляйсан 3 орын - Айтжанова Айханым ( 1 сынып инклюзия топ)  Қызықты жұмыстар ұсынғаны үшін Дипломмен марапатталғардар:   Қайырбек Айсана Ғайнулла Ақбике Жақсылық Іңкәр Турсынбекова Азиза Жалимбаева Ясмин (2 сынып инклюзия топ)  Жетекшісі: Алимгазина Райхан Құттықтаймыз! 

7 сәуір күні  №66 мектеп-лицейінде "Шаттық-2023" қалалық байқауының "Театр" жанры бойынша марапаттау рәсімі өтті.  Жеңімпаздар жоғары,орта, кіші топ жас ерекшелігі бойынша күміс, қола, диплом және қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды. Құттықтаймыз!

Астана қаласындағы әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында өткен республикалық «Farabi land – 2023» байқауына оқушымыз Аян Мұзатов қатысып II дәрежелі дипломмен марапатталды.  Жетекшісі: Кабулова Ғалия Құттықтаймыз!  Айта кетерлігі, байқауға еліміздің өңірлерінен 1500 дарынды оқушы қатысып, өнерпаздар жеке орындаушы, оркестр, ансамбль және бейнелеу өнері аталымдары бойынша өзара бақ сынасты.

№2 Өнер мектебі Астана қалалық «Шаттық-2023» байқауын «Театр» жанры бойынша өткізді. Байқауда қала мектептерінен 50-ден астам кіші, орта және жоғары топ жас мөлшері бойынша білім ордалары өз өнер көрсетті.  МАҚСАТЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ:  o Музыка, хореография, театр, сәндік-қолданбалы өнер саласындағы қосымша білім беру мазмұнын дамыту.   o Шығармашылық ұжымдардың сапалы нәтижелерін анықтау.    o Шығармашылық әлеуетті дамыту, кәсіби біліктілікті жоғарылату, қосымша білім беру ұстаздары арасында шығармашылық тәжірибе алмастыру.  Қазақстан, әлем, Отан, жер, болашақ, экология, достық – осы тақырыптар «Шаттық-2023» байқауының негізі болмақ.   o Қолданбалы шеберліктің орындаушылық деңгейін жоғарылату, оқушылар мен ұстаздарды заманауи материалдармен және авторлық технологиялармен таныстыру, ерекше ойлар