Top
a

Апрель 2024

Балалар музыка мектептері мен өнер мектептерінің білім алушылары арасында өткен XIII қалалық Ғазиза Жұбанова атындағы жас пианистер байқауына мектебіміздің оқушысы Мұратбек Қырмызы ІІ дәрежелі дипломға ие болды. Жетекшісі: К.Майданова Құттықтаймыз!

“Алтын сандық-1001 күй” бағдарламасы аясында Шабыт университетінің профессоры Орынбай Дүйсен өз студенттерімен мектебімізге келіп , концерт өткізді.

Ғ.Құрманғалиевтің 115 жылдығына арналған "ЖасSTAR" республикалық өнер байқауына мектебіміздің дәстүрлі ән сыныбының оқушылары қатысып, төмендегі орындарға ие болды.   Абдуманапова Ақнұр 1 орын Амантай Асиана 2 орын Абдуманап Толғанай 2 орын. Жетекшісі: Г.Қазкенова Құттықтаймыз!

Бүгін №2 өнер мектебінде «Ынтымағы жарасқан» атты мерекелік тәрбие сағаты өтті. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Отан сүйіспеншілікке, Қазақстанның тарихы мен мәдениетін құрметтеуге қоғамда ынтымақтастық пен өзара қолдауға патриотизмге тәрбиелеу, батыл да батыр ержүрек болуға үйрету, елін, жерін сүюге тәрбиелеу. Оқушылар әр ұлттың әндерін, билерін орындап, қойылымдар тамашалады.  Өткізген: Б.Ишанкулов,М.Абдықадыр,А.Расылхан.

Халықаралық "Astana Stars" шеберлік байқау-фестивалінің "BRAZILIAN GRAND- PRIX" байқауына мектебіміздің дизайн сыныбының оқушылары қатысып, төмендегі орындарға ие болды: І - орын -  "Қыз Жібек" сән ұжымы Жанр: мода театры Жетекшісі: Халиева Ильмира Рахметуллаевна Құттықтаймыз!

20 сәуір Астана қаласында өткен  «Жан достар» республикалық байқауына мектебіміздің жетіген сыныбының оқушылары қатысып, төмендегі орындарға ие болды. I орын - Орынбасар Камиля I орын - Амирхан Амира I орын - Ахметжанова Сара Жетекшісі: Г.Асылбек Құттықтаймыз! 

Бүгін 13 сәуірден 11 мамырға дейін Астана қаласының аумағында  «Таза Қазақстан. Столица – образец чистоты и порядка» экологиялық акциясы аясында санитарлық тазалау, абаттандыру, және көгалдандыру бойынша жалпықалалық айлық басталды.  Мектебіміздің ұжымы «Таза өлке» апталығының барысында «Арт-тұмар» орталығының аумағын тазалап, негізгі кеңсенің ішін тазарту жұмыстарын жүргізді.

Ұжымымызға «Антитеррор» арнайы оқыту орталығының өкілі Джадаев Талғат Маралұлы арнайы келіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қоғамдық келісімді сақтау, жастардың діни сауаттылығын арттыру, дәстүрлі құндылықтарды қастерлеудің өзектілігі  назардан тыс қалмады. Жасөспірімдер тәрбиесі, ата дініміз-ислам туралы қажетті  мәліметтерді алу кезінде ақпарат көздерін дұрыс таңдауға көңіл бөлу керектігі де айтылды. Бұдан бөлек, елімізде тыйым салынған ұйымдар жайлы мәлімет беріліп, жиында діннің жастар өміріндегі рөлінің маңыздылығы, дін мен салт-дәстүр арасындағы өзара байланысы, экстремизм мен терроризм туралы түсінік, дәстүрлі және дәстүрлі емес діни ағымдар бойынша мәселелер талқыланды. Ел тыныштығы мен халықтың бірлігі бәрінен қымбат екендігін,  әр азамат басты құндылығымыз - тәуелсіздігіміздің қадірін түсініп,

31 наурыз күні оқушылар сарайында өткен «Gulnar fest» халықаралық байқауында, аспаптық өнер номинациясы бойынша Қонысбаев Әли  «Гран при», Нургалиев Али  «І дәрежелі» орындарға ие болды. Жетекшісі:Ж.Мырзаханов Құттықтаймыз!