Top
a

Февраль 2022

Өткізілетін орны: № 2 Өнер мектебі Жұмыстарды байқауға тапсыру уақыты: 07 ақпаннан 04 наурызға дейін (қоса алғанда). Қатысу тегін. oner2_baiqay@mail.ru эл почтасында қабылданады Байқаудың қорытындысы:   18 наурыз 2022 жыл   Ұйымдастырушылар: Нұр-Сұлтан қаласы  Білім басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы № 2 өнер мектебі   Қатысушылар: Байқаудың жас категориясына

Байқаудың өтілу күні: 11 наурыз 2022 жыл Өткізілетін орны:          № 2 Өнер мектебі Уақыты:                          10.00-15.00 Ұйымдастырушылар:  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Білім басқармасы                                            № 2 Өнер мектебі Қатысушылар:                Нұр-Сұлтан қаласы  жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының 13-17 жас аралығындағы    білім алушылары Шақырылғандар:          Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Білім                                            басқармасының өкілдері, мектеп директорлары                                            мен тәрбие-ісі жөніндегі орынбасарлары,                                            БАҚ өкілдері Мақсаты: үздік классикалық және заманауи өнер үлгілерін игеру, дарынды балалар мен жастарды қолдау арқылы білім алушылардың тұлғалық рухани мәдениетін қалыптастыру. Міндеттері: балалардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау; Өнегелі, рухани және отбасылық құндылықтарды экран арқылы насихаттау; Шығармашылық тұлғаның өз ойын білдіру тәсілдерінің бірі ретінде    фильмдер, жарнамалар, репортаждар жасау процесін ынталандыру. Кино байқауды

"Арт-Тұмар" сәндік қолданбалы өнер орталығында балалар жылына арналған "Ұлтты тану-ұрпақ борышы" атты киімді көркемдеп үлгілеу сыныптарының оқушылары қатысуымен сынып сағаты өтті. Мақсаты: Оқушыларға қазақ елінің тарихы, мәдениеті, ұлттық құндылықтары, дәстүр – салты, айтулы тұлғалары жайлы ақпарат беру.Жас ұрпақ бойында тәуелсіздіктің ел өмірінен алар орны, Қазақстанның өткені мен бүгініне қысқаша шолу жасап, Отанға деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін, жауапкершілік қасиеттерін дамыту. Өткізген А.Мамутова. И.Халиева

Балалар жылына арналған мектебімізде Сурет және фортепиано сыныптарының оқушыларының қатысуымен "Туған жер-алтын бесігім", "Менің Отаным-менің мақтанышым" атты сынып сағаттары өтті. Мақсаты:Отанды сүю, рәміздерімізді қастерлеу, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Өткізген мұғалімдер: Р. Қуанов, Қ.Жәйірбек, Ж.Молдабекова, Д.Усенова.

16 ақпан күні ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының кітапханасы және Балалар көркемсурет мектебі-ЮНЕСКО клубының ұйымдастыруымен Балалар жылына арналған "Менің Қазақстаным-Менің Елім" атты балалар шығармашылығы фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға мектебіміздің "Алатау" домбырашылар ансамблі, "Еркеназ" бишілер тобы және "Мұрагер" дәстүрлі әншілер ансамблдері қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Жетекшілері: З.Жакешова, Ж.Ахметова, А.Нурмашева.

7 ақпан күні мектебімізде балалар жылы аясында фортепиано сыныптарының оқушыларына арналған "Ұлт болашағы - жастар" тақырыбында сынып сағаты өтілді. Өткізген мұғалімдер : Расылхан А.Е., Батырова А.Ж. Сынып сағаттың мақсаты: - оқушылардың бойында патриотизмді қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін, туған жерге, отанға деген махаббаттарын арттыру.