Top
a

1 – сынып. Қолөнері пәні Сабақ № 3

1 – сынып.  Қолөнері  пәні

Сабақ № 3

Тақырып:  Керамикаға көркем жазу.

Көркем керамика — қолданбалы сәндік өнерінің тәжірибелік (ыдыс аяқ, ойыншықтар, тұрмыс бұйымдары) немесе балшықтың әр түрінен механикалық әдіспен, қолмен жасалған, соңынан арнайы сурет салынып, ою-өрнектер ойылып жапсырылып т. б. жұмыстары қолмен істеліп, күйдірілген бірыңғай сәндік (мүсіндер, сувенир т. б.) бұйымдардың жиынтығын құрайтын түрі. Қазақстан мұражайларында Абай Құнанбаевқа арналған көркем керамикалық бұйымдардың біразы сақтаулы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейінің қорында 2 сәндік құмыра (қыш, шыңылтыр, тұздар, оймыштау) тұр. Бірінің бүйірінде шеңбер ішіне Абайдың портреті салынып, «Талап, еңбек, терең ой, Қағанат, рақым ойлап қой. Бес асыл іс, көнсеңіз» деген өлеңі жазылған. 2-құмырада — ақын портреті мен поэзияның ерекше нышандары — кітап пен қаламұш, лавр жапырақтары бейнеленген. Ортасына Абай портреттері салынған қабырғаға іліп қоятын 2 табақша да (2-де қыш, шыңылтыр, түздар, оймыш, дм. 46) сонда сақтаулы. Бұл бұйымдардың барлығы да қазақ ою-өрнегімен әсем безендірілген. Оларды 1940-50 ж. Алматы керамикалық станциясының (бүгінде Алматы эксперименталды көркем керамика заводы) негізін салушы керамист-суретшілер А. Т. Никитина мен И. Н. Белокурский жасаған.

Бейнебаян: https://yandex.kz/video/preview/?filmId=8213546232719519038&from=tabbar&parent-reqid=1585504528021060-1258209869196730115300154-production-app-host-sas-web-yp-57&text=роспись+по+керамике+акриловыми+красками+для+детей

Үй жұмысы: Үйде ақ тарелкеге сурет сал.