Top
a

Сентябрь 2022

Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде  Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұйымына кіретін мемлекеттердің білім беру мекемелерінің қызметкерлері мен мұғалімдерінің VІІ съезі шеңберінде Эстониялық делегация №2 Өнер мектебінде қонақ болды. Делегация ұжымын мектебіміздің қызметімен таныстырып, білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайту, практикалық тәжірибе алмасу бойынша пікір алмасу болды. Қонақтарымыз мектебіміздің жұлдызды топтары «Атамұра» жетігеншілер ансамблі, «Өркен» домбырашылар ансамблі, «Еркеназ» бишілер тобы, «Қазына» сазсырнайшылар ансамблі, «Назқоңыр» қобызшылар ансамблдерінің өнерін тамашалап, «Сурет»,  «Киімді көркемдеп үлгілеу» сыныптарының жұмыстарын көріп, өз қызығушылықтарын білдірді.

Бүгін  Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында  Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «KitapTime - 2022» фестивалі өтті. Фестивальға мектебіміздің «Сырлы саз» фольклорлық ансамблі,«Ғажайып» балалар театры, оқушыларымыз Сәменбек Елікай, Сәрсенова Айша, Жексенбаева Еркеназ қатысып,  өнерлерін көрсетті.

Ағымдағы жылдың  21 қыркүйегінде мектебімізде Тілдер күні мерекесіне орай «Тәрбие басы - тіл» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатында оқушылар өздерінің шығармаларын оқып, ән айтып,итеатр бөлімі оқушылары А. Байтұрсыновтың өлеңдерінен әдеби-композициялық қойылым қойды. Өткізген: Р. Кашканова, Г. Кайрбекова.

Елімізде қыркүйектің әр екінші жексенбісі Отбасы күні болып аталып өтеді. Бүгін мектебімізде Отбасы күні мерекесіне орай «Отбасы- бақыт мекені» тәрбие сағаты өтті. Іс-шарада мектеп директоры Гүлмира Жангелдіқызы мерекемен құттықтап, жылы лебізін жеткізді. Тәрбие сағатына қатысқан ата-аналар оқушылармен әуезді ән салып, ойындар ойнап, көркемсөз оқып, өз өнерлерін ортаға салды.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен  «Бәйтерек» сәулет құрылыс кешенінде Халықаралық отбасы күніне орай неке қию салтанатты рәсімі өтті. Іс-шараға мектебіміздің «Сырлы саз»  фольклорлық ансамблі қатысып, өнерлерін көрсетті. Мереке құтты болсын, Достар!

Бүгін №2 Өнер мектебінде Директор жанындағы кеңес өтті. Күн тәртібінде А. Кенжегулова Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына  Жолдауының маңыздылығына тоқталды. Ұстаздар қауымы оқушылардың білімі мен өнерін шыңдауда Жолдаудың маңызы зор екенін атап өтті. Кеңес соңында мектеп мұғалімдері Р. Шарипов пен Б. Баймурзаев өрт қауіпсіздігі және антитеррорлық қауіпсіздік ережелерімен таныстырды.

Өткізілетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы «№ 2 өнер мектебі» МКҚК Қатысушылар:Нұр-Сұлтан қаласы жалпы орта және қосымша білім беру мектептерінің 8-17 жас аралығындағы оқушылары Шақырылғандар:Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Білім басқармасының өкілдері,мектеп директорлары мен тәрбие-ісі жөніндегі орынбасарлары, БАҚ өкілдері. Мақсаты: жас өспірімдердің театр, сахна арқылы дүниежүзілік өркениеттің, соның ішінде өздеріне таныс шығармалар арқылы бойларындағы табиғи дарындылығын паш ету. Міндеттері: - Балаларды көркемдік-әсемдік, адамгершілік-рухани бағытта тәрбиелеу;   - Дарынды балаларды анықтап, қолдау көрсету;   - Көрермендердің эстетикалық талғамын қалыптастыру әрі жоғарлату; Байқаудың талаптары: Байқау екі кезеңде өткізіледі:  - бірінші кезеңқалалық байқау Нұр-Сұлтан қаласы оқушыларының іріктеу кезеңі (сырттай);екінші кезең (қорытынды) Республикалық фестиваль (сырттай). Қалалық байқаудың жеңімпаздары Республикалық фестивальға  жолдама

1 қыркүйек - Білім күні мектебімізде «Сыңғырла, күміс қоңырау» салтанатты іс-шарасы өтті. Мектеп директоры Гүлмира Жангелдіқызы оқушылар мен ата-аналарды құттықтап, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі. Оқушылар әсем ән-күймен, бимен кешімізді жалғады. Жазғы каникулда халықаралық байқауларға қатысып, жүлделі орын алған оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.