Top
a

ОТБАСЫ-БАҚЫТ МЕКЕНІ

Елімізде қыркүйектің әр екінші жексенбісі Отбасы күні болып аталып өтеді.
Бүгін мектебімізде Отбасы күні мерекесіне орай «Отбасы- бақыт мекені» тәрбие сағаты өтті.
Іс-шарада мектеп директоры Гүлмира Жангелдіқызы мерекемен құттықтап, жылы лебізін жеткізді.
Тәрбие сағатына қатысқан ата-аналар оқушылармен әуезді ән салып, ойындар ойнап, көркемсөз оқып, өз өнерлерін ортаға салды.