Top
a

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы және «2022 жыл – Қазақстандағы балалар жылы» аясында қашықтықтан өткізілетін Республикалық «Наурыз – жыл басы» байқауын өткізу туралы ЕРЕЖЕСІ

Өткізілетін орны: № 2 Өнер мектебі
Жұмыстарды байқауға тапсыру уақыты: 07 ақпаннан 04 наурызға дейін (қоса алғанда). Қатысу тегін. oner2_baiqay@mail.ru эл почтасында қабылданады
Байқаудың қорытындысы:   18 наурыз 2022 жыл  
Ұйымдастырушылар: Нұр-Сұлтан қаласы  Білім басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы № 2 өнер мектебі  
Қатысушылар: Байқаудың жас категориясына сәйкес барлық тілек білдірушілер қатыса алады. (Жалпы білім беру және қосымша білім беру мекемелерінің оқушылары)
   

Мақсаты:

Оқушыларды төл мерекеміз Наурыздың шығу тарихымен таныстыру, көктем мезгілінің әсем табиғатын өз сезімімен жеткізе біліп, терең ойлауға үйрету,елінің тарихымен таныстыру және халқының 

салт –дәстүр, әдет –ғұрпын дәріптеуге баулу.

Міндеттері:

  • «Наурыз –жыл басы»   және «Бала күлкісі-әлемнің көркі» тақырыптарында  сурет салу арқылы оқушылардың ой, қиял-елестерін дамыту;
  • Оқушылар арасында көнеден келе жатқан ұлттық қол өнерімізді насихаттау.
  • Ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу

Байқауға қатысушылар:

Байқаудың жас категориясына сәйкес барлық тілек білдірушілер қатыса алады. Байқау 9-16 жас аралығында өткізіледі;

         А) 1 орта топ 9- 12 жас аралығында.

         Б) 2 жоғарғы топ  13-16 жас аралығында

Оқушыларға қойылатын талаптар:

  —  Байқауға А3 формат бетіне түсірілген суреттер;

  — Сурет салу техникасы кескіндеме (түрлі –түсті карандаш, пастель, акрил т.б) барлық жұмыстар тақырыпқа сай болуы шарт.

Байқау тақырыптары: «Наурыз –жыл басы»   және «Бала күлкісі-әлемнің көркі» тақырыптары бойынша.

  — төменгі оң бұрышында оқушы туралы мәлімет толтырылады:

  — оқушының толық аты-жөні; жетекшісі;

 — жұмысқа қысқаша аннотация жазуға болады.

—  Салынған суреттерді  JPEG  форматында суретке түсіріп,  oner2_baiqay@mail.ru эл почтаға жіберілуі керек. Барлық жұмыстар архивталған бир папкада болуы тиіс. Жеке-жеке жіберсеңіздер жоғалып кетуі мүмкін.

Бағалау белгілері:

— Орындаудың  көркемдік деңгейі;

— Ойлаудың идеялық мазмұны мен түпнұсқалығы;

— Ойдың тұтастығы және іске асырылуы;

— Автор жасының шығармашылық деңгейге сай болуы.

Ескерту: Байқау жұмыстары плагиат, көшірме немесе басқа авторлар  жұмысының бөлшегі болмауы қажет. Қатысушы жұмыстың авторлығына толық жауап береді. Жалған жұмыстар айғақталған жағдайда қазылар алқасы жұмысты қарастырмайды.

Байқауға суреттер 2022 жылдың 4 наурызына дейін сұраныспен бірге  

oner2_baiqay@mail.ru  почтасына қабылданады;

БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ӨТКІЗУ:

  1. Байқау жеңімпаздары дипломдармен, жетекшілері алғыс хаттармен марапатталады;
  2. Қалған қатысушылар қатысқаны үшін  дипломдарымен марапатталады;

Қазылар алқасының шешімі өзгертілмейді және талқыланбайды.

Қазылар алқасы номинация бойынша жүлделі орындар санын анықтау құқығын өзіне қалдырады (жүлделі орындар саны көбеюі немесе азаюы мүмкін)

Байқау жеңімпаздарының дипломдары мен алғыс хаттары  2022 жылдың 25 наурызына дейін жетекшілердің эл почталарына жіберіледі.