Top
a

Февраль 2020

Нұр-Сұлтан қаласы №2 Өнер мектебінде Елбасы Н. Назарбаевтың мақаласындағы білім беру саласының өзектілігі мен маңыздылығы негізге ала отырып, қосымша білім беру ұйымдарының мұғалімдер арасындаәлеуметтік-серіктестік ынтымақтастығын  қалыптастыру негізінде «Білім беру мен тәрбиенің заманауи тұжырымдамасын жаңғыртудағы қосымша білім беру мекемесінің рөлі» тақырыбында қалалық семинар өтті.            Семинарды  мектеп директоры Жангелді Гүлмира  Жангелдіқызы құттықтау сөзбен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Семинар-практикум жұмысына жалпы білім беру мекемелерінің үйірме жетекшілері, қосымша білім беру ұйымдарының басшылары және балалар музыка мектептері мен өнер мектептерінің мамандары, оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары, әдіскерлері, оқытушылар қатысты. Семинар мақсаты – білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқытудың ерекшеліктері мен тиімділігін анықтау және жаңа форматтағы

         Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Білім басқармасы және Нұр-Сұлтан қаласы №2  Өнер мектебі дәстүрлі түрде өтетін «Театрдың ғажайып әлемі» атты қалалық театрландырылған балалар байқауын ұйымдастырды. Байқау «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде № 66  мектеп-лицей сахнасында өтті.          Қазылар алқасының төрағасы болып Қазақ Ұлттық Өнер университеті және колледжінің «Актерлық шеберлігі және режиссурасы» кафедрасының аға оқытушысы, ҚР мәдениет қайраткері Д. Бейсенбаев сайланды. Қазылар алқасының құрамында М.Горький атындағы Мемлекеттік  академиялық  орыс драма театрының актеры С.Маштаков, Жастар театрының актрисасы, ҚР Тұңғыш Президент степендиясының иегері А.Рахипова, Нұр-Сұлтан қаласы № 2 Өнер мектебінің директоры Г. Жангелді, Нұр-Сұлтан қаласы №2 өнер мектебінің директордың тәрбие  ісі жөніндегі А. Бияжанова болды. Байқауға 174

ПРЕМЬЕРА!!!          Құрметті өнер сүйер қауым! Нұр-Сұлтан қаласы №2 Өнер мектебінің «Өнерлі өрендер» балалар театры қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын арқау етіп «МҰҚАҒАЛИ» атты фантазия-факт қойылымын ұсынады.          Мұқағали — қазақ халқының ұлттық мектептері мен дәстүрлерін жалғап қана қоймай, оны жан-жақты дамытқан, тереңдеткен, қазақтың өлең-сөзін жаңа заңғарларға көтерген, жаңа кеңістіктерге алып шыққан жиырмасыншы ғасырдың алып ақыны. Қойылымға ақынның рухы биік жырлары мен ары таза, жаны мөлдір жанның естеліктері, хаттары, мақалалары мен күнделіктері арқау болады. Өтетін күні:13 ақпан Басталуы:17:30 Қоюшы режиссері:Қабыл Ұлан Көркемдік жетекшісі:Каленова Асылзат Мекен-жайы:Достық 13, Нұрсая-2

«Art-Shabyt» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Өнермен көркем- өмірім!» атты III Республикалық балалар өнер байқауы Елордамыздағы №76 мектеп-лицейінің сахнасында өтті. Бұл байқау рухани жаңғыру бағдарламасы аясында дарынды жастарды қолдауға арналған жоба болатын.          Нұр-Сұлтан қаласы №2 Өнер мектебінен бірнеше номинация бойынша үміткерлер қатысты. Байқау соңында қазылар алқасы театр номинациясы бойынша №50 мектептегі филиал шәкірттері Гран При жеңіп алды.          Ал,  «вокал» номинациясы бойынша Ешенғазин Заңғар-Гран При, Мұхтарұлы Нұрсаят-I орын,️ Оңласбек Дильназ - I орын, ️Бақытжанқызы Инабат -I орын, Кеңесхан Аида II-орын, Биғабылов Арғын II-орын, Аждарова Жания III жүлделі орындарды қанжығаларына байлады.     Осымен жүлдегерлер саны тоқтап қалмады. Мектебіміздің шәкірттері  Егізбаев Жжасұлан Бас жүлде иеленсе, ал